Атырау, 28 наурыз 16:42
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Жаңа мұнай өңдеу зауыты салынатын өңір қашан анықталады

1 879 просмотра


ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев төртінші мұнай өңдеу зауыты орналасатын өңір биыл күзде жарияланатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Менің ойымша, зауыттың орналасатын жері, оның қуаттылығы, салынатын инвестициялар көлемі, өндірілетін өнімі бойынша сұрақтарға күзге қарай жауап беруге дайын боламыз», - деді министр Мәжілісте өтіп жатқан Үкімет сағаты барысында. 

Қ. Бозымбаев қазіргі уақытта Президенттің тапсырмасы бойынша жұмыс тобы құрылғанын еске салып өтті. Жұмыс тобы техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеумен айналысып жатыр.

Еске сала кетсек, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  9 ақпан күні Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанда төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға қатысты шешім қабылдауды жеделдету қажеттігін айтқан болатын.   

Дереккөз: inform.kz

21 мамыр 2018, 11:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.