Атырау, 28 наурыз 18:32
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​Шешенстандағы қастандықты ТГИЛ өз мойнына алды

1 814 просмотра


Шешенстанда жасалған қастандықты «Ирак және Левант лаңкестік тобы» мойнына алды. 

Сенбі күні 4 қаскөй Грозный қаласындағы шіркеуге шабуылдап, салдарынан 3 адам қаза тапқан еді. Оның екеуі – тәртіп сақшысы, біреуі – шіркеуге келуші. Тағы екі кісі жарақат алған. Қылмыскерлер шіркеуге баса көктеп кіріп, жиналғандарды өлтірмекші болған. 

Алайда тәртіп сақшылары қылмыскерлерді жер жастандырып үлгерген. Дерек бойынша олардың жеке тұлғалары анықталды. 

Шіркеу қызметшісі: 

– Атыс кезінде шіркеуде болғам. Дереу есікті жабуға бұйрық бердім. Бұған қарамастан, қаскөйлер есікті жұлқылап, оқ жаудыра бастады. Сол сәтте оқ шіркеуге келушілердің біріне тиіп, ол сол бойда көз жұмды. 

Рамзан Кадыров, Шешенстан Республикасының президенті:

– Олар шіркеуге кіріп, шіркеуде жұмыс істейтін тәртіп сақшысын өлтірген. Ғимарат ішінде болған дәрігер жарақат алды. Қылмыскерлерді байқап қалған мамандар тез арада оқиға орнына жетіп келіп, оларды жер жастандырды.

Дереккөз: 24.kz

21 мамыр 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.