Атырау, 20 сәуір 11:29
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Ауғанстандағы стадионда қатарынан үш жарылыс болды

1 695 просмотра


Ауғанстанның шығысында орналасқан Нангархар провинциясының Джалалабад қаласындағы стадионда қатарынан үш рет жарылыс болып, кем дегенде сегіз адамның өмірін қиды. Бұл жайлы ақпаратты жергілікті ресми тұлғалар растады деп хабарлайды ҚазАқпарат

TOLOnews-тің хабарлауынша, провинция губернаторы Аттаулла Ходжани жарылыстар стадионға крикет матчын тамашалауға көрермендер жиналған сәтте болғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, жарылыстардың салдарынан 45 адам жараланған. Қаза тапқандар арасында турнирдің ұйымдастырушысы Хедаятулла Захир мен Лагман провинциясындағы Мехтарлам қаласы мэрінің орынбасары доктор Никмал да бар екені туралы хабар тараған. 

Қасиетті Рамазан айының басталуына орай матчта жергілікті командалар ойнап жатқан. «Талибан» қозғалысы Джалалабад қаласында болған осы жарылыстарға қатысы жоқ екенін айтып отыр.

Дереккөз: inform.kz

20 мамыр 2018, 11:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.