Атырау, 23 сәуір 17:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

​Астанадағы көшелердің бірінде он мың теңгелік купюралар ұшып жүрген

Бейнежазба
1 882 просмотра


Астанадағы адам ең көп жүретін көшелердің бірінде түсірілген видеоны жолдады, онда өтіп бара жатқан адамдар мен көлік жүргізушілері желмен ұшқан ақшаларды жинап жүр , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Автордың айтуынша, видео 18 мамырда Бөгенбай батыр даңғылы мен Бейбітшілік көшесінің қиылысында түсірілген.   

. Видеодан екі жігітті байқауға болады, олар желмен ұшқан ақшаларды жинап жүр. Біраз уақыт өткенде купюраның біразы желмен жолға қарай ұшып кетеді. Жүргізушілер қозғалыстың тығыздығына қарамастан тоқтап, ақша жинайды. Видеоның авторы кадр сыртында сөйлеп тұр, оның айтуынша, "10 мыңдық купюралар ұшып жатыр". "Мен де біреуін алармын", - деді ол, бірақ оның алдын біреу орап кетті.



Астана ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, полицейлер видеоны тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мамандары бұл оқиғаға қатысты ешкімнің полицияға арызданбағанын айтты.

Дереккөз: tengrinews.kz

19 мамыр 2018, 22:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.