Атырау, 19 сәуір 07:02
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Арменияда 90 адам уланып, ауруханаға жеткізілді

1 586 просмотра


17 мамыр күні 18:30-да Арменияның Армавир облысы Аревадашт ауылының аумағында жүзім өсірумен айналысатын «Армян Жері» компаниясының 90 қызметкері тамақтан уланып қалған. Бұл туралы Арменпресс  Арменияның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Олардың ішінде 20 адамға қажетті медициналық көмек көрсетіліп, ауруханадан шығарылды. Компанияның 30 жұмысшысы «Мецамор» медицина орталығына жеткізілді. Енді олар медициналық тексеруден өтіп жатыр. 

ТЖК құтқару қызметі жедел тобы Армавир медицина орталығына барды. Қазіргі мәлімет бойынша, 55 қызметкер екі ауруханада ем алып жатыр. 

Дереккөз: inform.kz

18 мамыр 2018, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.