Атырау, 19 сәуір 19:00
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алмазбек Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылуы мүмкін

1 652 просмотра


Қырғызстан Парламенті депутаттары өз әріптестері Ысқақ Масалиевтің елдің бұрынғы президеттерінің дербес құқығы туралы мәртебесінен айыратын заң жасау бастамасын қолдады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Егер Жоғарғы Кенеш аталған құжатты қабылдаса, Алмазбек Атамбаев экс-президент мәртебесінен айырылуы мүмкін.

Жоғарғы Кенеште «Бішкек» ЖЭС-те болған апаттың неден туындағанын және кредитке алынған 386 млн доллардың рационалды жұмсалуына қатысты депутаттық комиссияның қорытындысы шығарылды. Аталған мәселелерді депутаттар үш күн талқыға салды.

Ысқақ Масалиев тек Алмазбек Атамбаевты ғана емес, Қырғызстанның бұрынғы президенттерін де дербес құқығынан айыруды ұсынып отыр.

Дереккөз: Baq.kz

18 мамыр 2018, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.