Атырау, 20 сәуір 14:02
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

«Ресейлік БАҚ Назарбаевты алаңдатады», «Париждегі шабуылда оққа ұшқан Хамзат Азимов кім?», «Назарбаевтың күйеубаласы Ресейдің портын неге сатып алды?», «”Мирзияев менікі…”. Трамп Путиннің аузына құм құйды», «Әлемнің ең үздік сарапшылары бас қосқан форум».

2 770 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Атыраудағы қытайлық қазақ студенттердің зары» - Атырауда оқитын Қытайдан келген этникалық қазақ студенттер "Шыңжаңдағы саяси-экономикалық жағдайға байланысты" биліктен оқу ақысын арзандатуды сұрайды. Әкімдік пен университет оқу үлгерімі жақсыларға онсыз да жеңілдік жасалып жатқанын айтады.

«Ресейлік БАҚ Назарбаевты алаңдатады» - Қазақстан президенті Назарбаев Сочиде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде екі жақтың ақпарат құралдары "түймедейді түйедей етпеуі керек" деді. Сарапшылардың пайымдауынша, бұл пікірдің саяси астары бар.

«Париждегі шабуылда оққа ұшқан Хамзат Азимов кім?» - Франция мен Шешенстан тергеушілері Парижде көшедегі адамдарға пышақпен шабуылдаған Шешенстан тумасы жалғыз әрекет етті ме, әлде оның сыбайластары бар ма, соны анықтап жатыр. Азаттық радиосы Хамзат Азимовтің туыс-таныстарымен сөйлесіп, оның "Ислам мемлекеті" экстремистік тобына қатысы бар-жоғын зерттеді.

TURKYSTAN.KZ. «Әлемнің ең үздік сарапшылары бас қосқан форум» - Әлемде жыл сайын, тіпті күн сайын күрделі өзгеріс орын алуда. Жаңа технологияның қарыштап дамып жатқанын ескерсек, оның жақсы жағы да, жағымсыз тұсы да жетерлік. Бір сәтте дүниежүзінің төрт бұрышына тарайтын ақпараттың қай қоғамда қалай қабылданатыны тағы белгісіз. Демек, ғарыштық жылдамдықта дамып жатқан технология ойда жоқ көрсеткішке қол жеткізіп, түрлі оқиғаның ортасына топ еткізуі әбден мүмкін. Осы сынды әлемдік жетістіктер мен ғаламдық мәселелер басқа емес, елімізде кеңінен талқыға салынып жатса, несі айып?!

QAZAQUNI.KZ. «Әблязов пен Тоқмади Бишімбаевты құрту үшін тапсырыс берді: Қорғаушының нұсқасы» - Қорғаушы Ермек Бектасов Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істе өз нұсқасын ұсынды. Ол Мұратхан Тоқмади мен Мұхтар Әблязов Бишімбаевты үкіметке жағымсыз жағынан көрсету үшін «тапсырыс берген» деген ойда.

DALANEWS.KZ.  «Назарбаевтың күйеубаласы Ресейдің портын неге сатып алды?» - Назарбаевтың күйеубаласы Выборгтың түбіндегі Высоцк портын сатып алды. Неге? Не үшін? Қазақ байларының ақшаны Ресейге төгіп жатқанының белгісі ме бұл? DalaNews.kz немістің Deutsche Welle сайтында жарияланған сараптаманы аударды.  

QAZAQTIMES.COM. «Трамптың тосын саясаты, Қытайдың тосын белсенділігі: Шығыс Азияда күтпеген жағдайлар» - Трамп саясаты Азияда күтпеген жағдайларды қалыптастырды. Әлемнің талас-тартыс ошақтарында бір уақытта болып жатқан күрделі өзгерістер, қазіргі халықаралық жағдайды тым күрделі әрі дүбірлі күйге салды. Орта Шығыс, Еуропаның шығысындағы шиеленістермен қатар Азияның шығысындағы жағдайлар да өз өзектілігін сақтап тұр. Корей түбігі мәселесінде көптен бері үнсіздік (анығында бейтарап сыңай) танытқан Қытай, күтпеген жерден негізгі ойыншылардың бірі ретінде сахнаға шықты. Бұл сырт елдердің назарын аударуда. Бұл Шығыс Азия мәселесіне, АҚШ-Солтүстік Корея-Қытай қатынасына бір ауық назар аударуымызға түрткі болды. 

«Думан Базарбеков: Телефондарды тіркеу - жаппай қудалауға ұласпауы керек» - Елімізде 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап телефонын тіркемеген абоненттерге қызмет көрсетілмейді. Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев бүгін осылай деді. Ведомство басшысы аталған жаңашылдық - байланыс құрылғылары арқылы жасалатын қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді дейді. 

EGEMEN.KZ. «Болжамдар дәйектемесі: әлемдік экономиканың дамуы қалай өзгереді?» -  Жыл сайын Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен әлемдік экономикалық форум өткізу дәстүрге айналды. Міне, бүгін салтанатпен ашылған 11-ші Астана экономикалық форумында (АЭФ) әлемнің ондаған елінен келетін 500-ге жуық спикер пікір алмасады.

365INFO.KZ. «”Мирзияев менікі…”. Трамп Путиннің аузына құм құйды» - АҚШ Орталық Азияда Ресей мен Қытайға бәсекелес бола ала ма? Жалпы, Вашингтонға біздің жақта не керек? Бұл сұрақтарды Аждар Куртов деген бір саясаттанушы өзінше сараптап көріпті.


17 мамыр 2018, 10:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.