Атырау, 25 мамыр 15:52
Кешке ашық+23, түнде +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Назарбаев тағы бір өмір бойғы мәртебе алды

16 мамыр 15:20


Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің өмір бойғы төрағасы ретіндегі мәртебесі "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" заңда жазылған. Бұл құжатқа 2017 жылдың желтоқсанында түзетулер енгізілді

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасына сәйкес, Қауіпсіздік кеңесі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастықты қорғау мақсатында ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізуді үйлестіретін конституциялық орган саналады.    

Қазақстанның әділет министрі Марат Бекетаев журналистерге Назарбаевқа Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін норма өткен жылы бекітіліп қойғанын түсіндірді.  

Сонымен, "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы" конституциялық заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, тұңғыш президент Қауіпсіздік кеңесін өмір бойы басқара алады. 

2017 жылдың желтоқсан айында Назарбаев қол қойған түзетулерге өзгерістер енгізілді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

495 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Жақсы өмір іздеген адамдардың арасында да террористер жасырынуы мүмкін - Назарбаев Т   662 рет қаралды

​Назарбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі отырысында қандай мәлімдеме жасады?   479 рет қаралды

​Назарбаев Жээнбековпен шекара мәселесі бойынша келісті   719 рет қаралды

Назарбаев Ердоғанды құттықтады   745 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8 9