Атырау, 20 сәуір 02:24
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімі үш жылға ұзартылады

1 785 просмотра


Бүгін ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың xалыққа есеп беру кездесуінде электронды цифрлық қолтаңбаны ұзартуға қатысты сұрақ қойылды. Оған «Зерде» ақпараттық-коммуникациялық xолдингінің басшысы Руслан Еңсебаев жауап берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Қазіргі кезде біз xалықаралық тәжірибені зерделеп жатырмыз. Негізі, электронды цифрлық қолтаңбаның мерзімін бір жылдан үш жылға ұзартуға болады. Осыған қатысты тиісті мәселелер пысықталып жатыр», - деді Р.Еңсебаев. Холдинг басшысының айтуынша, бүгінде электронды цифрлық қолтаңбаны алу үшін міндетті түрде Халыққа қызмет көрсету орталығына бару қажет. Одан кейін үйден шықпай-ақ, онлайн режимде ЭЦҚ-ның мерзімін ұзартып отыруға болады. «Жаңа бастама іске асқанда электронды цифрлық қолтаңба бір жылға емес, бірден үш жылға беріледі», - деп атап көрсетті Р.Еңсебаев.

Айта кетейік, кездесу кезінде министр Абаев келесі жылы тіркелмеген телефондарға ұялы байланыстың қосылмайтынын тағы бір мәрте еске салды. Телефондарды тіркеу шаралары жылдың ортасында басталады.

Дереккөз: inform.kz

16 мамыр 2018, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.