Атырау, 25 мамыр 15:46
Кешке ашық+23, түнде +21
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.75  € 382.04  P 5.31

Британияның ЕО-дан шығу барысы кедергілерге тап болды

16 мамыр 09:57


Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығу туралы келісімінің төртінші кезеңі тығырыққа тірелді. Талқылауды қажет ететін тұстар көп. Бұл туралы Еуроодаққа төрағалық етіп жатқан Болгария Сыртқы істер министрі Екатерина Захариева мәлімдеді. 

Келіссөздерді жүргізу бойынша Еуроодақ өкілі Мишель Барньенің айтуынша, басы ашық мәселенің бәрі қазан айына дейін жабылып, келісім бекітілуі керек. Қазірде күрмеуі қиын мәселенің бірі Ирландия мен Солтүстік Ирландия шекарасындағы шиеленіс. Еуроодақ Brexit-тен кейін бұл жердің екіге бөлінгенін қаламайды. 

Сондай-ақ Одақтан шыққаннан кейін британдық компаниялар Еуроодақтың жерсеріктен алынатын жаңа навигациялық жүйесіне қатыспайды, бірақ белгі қабылдауға құқылы. Еске сала кетейік, Корольдік Еуроодақтан 2019 жылдың 29 наурызына дейін шығуы тиіс. Екатерина Захариева, Болгарияның Сыртқы істер министрі: - Қазан айына дейін түйткілдің түйінін шешуге тиіспіз. Ирландия шекарасына қатысты мәмілені маусымда бір жақты етіп, келісімді алға жылжытуымыз керек. 

Мишель Барнье, Еуроодақтың Brexit келіссөздері бойынша өкілі: 

- Келіссөздер өте баяу жүріп жатыр. Нәтиже мардымсыз. Маусымға дейін 2 кезеңі ғана қалды. Шілдеде Еуроодақтың Саммиті күтіп тұр. Оған ешкім бей-жай қарамайды деген ойдамын. Өйткені, уақыт күтпейді.

Дереккөз: 24.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

123 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

​Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 9,25% дейін төмендетті   204 рет қаралды

Микронесиелер 18 миллионға дейін өсті  1573 рет қаралды

Полицейлерге күш қолданғандардың айыппұлын 11,5 миллион теңгеге өсіру туралы ұсыныс түсіндірілді  712 рет қаралды

Ұлыбритания ЕО-дан шығу туралы референдумды 2017 жыл соңына дейін жүргізеді  1085 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6 7 8 9