Атырау, 25 сәуір 05:57
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«"Астананы паранойяға салған" Әблязовтің әрекеті», «Қазақстандық БАҚ қарсылық акциясы жайлы тіс жармады», «Путин? Қытай Еуразиялық одақтың түбіне жетеді», «Мереке Ғабдуәлиев: “Сайлау” жобасы — саяси транзитке дайындық».

2 336 просмотра

AZATTYQ.ORG. «"Астананы паранойяға салған" Әблязовтің әрекеті» - Полиция тергеу абақтысында қамауда отырған кәсіпкер Ескендір Ерімбетовтің анасы, "саяси тұтқындарға бостандық беру" және "азаптауды тоқтату" талабымен қарсылық акциясына шыққан Ғайни Ерімбетованы ұстап жатыр. 

«Қазақстанда билікте әйел неге аз?» - Қазақстанда саяси-мемлекеттік қызметкерлер арасындағы әйелдердің үлесі 10 пайыздан сәл асады. Бірақ жоғары лауазымды басшы қызметкерлер арасында олардың саны бұдан да аз.

«Қазақстандық БАҚ қарсылық акциясы жайлы тіс жармады» - Қазақстанда бейсенбіде бірнеше қалада рұқсат етілмеген қарсылық акциясына шыққан азаматтарды биліктің күшпен таратып, көп адамды ұстағаны туралы елдегі БАҚ үнсіз қалды. Кей сарапшылар мұны конституцияда кепілдік берілген сөз және баспасөз бостандығының шынайы жай-күйінің көрінісі деп атайды.

«"ҚДТ-ны қолдаған" қазақстандық белсенді Қырғызстанда ұсталды» - Бішкекте Қырғызстанның арнайы қызмет өкілдері қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевты ұстаған. Туыстары мен адвокатының айтуынша, оған заңмен тыйым салынған “Қазақстанның демократиялық таңдау” қозғалысын қолдады деген айып тағылған.

ZHASALASH.KZ. «Мереке Ғабдуәлиев: “Сайлау” жобасы — саяси транзитке дайындық»  -  Заң ғылымының кандидаты,  «Конституционализм және демократия даму институты» қоғамдық қорының директоры Мереке Ғабдуәлиевтің ойынша, мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен сайлауды көздейтін заң жобасы биліктің саяси транзитке дайындығы іспетті. Түптеп келгенде, билік транзитке дайындықтың алғашқы кезеңін былтырғы жылы бастап, конституциялық реформа жүргізді. Ендігі жерде сақтық шараларын күшейту үшін мәслихатты «бөтендерден» тазаламақ. Алайда, заңгердің айтуынша, бұдан ең алдымен биліктің өзі опық жейді. Себебі мәслихаттарды партиялық тізіммен сайлауға көшсек, билік шынайы өмірден ажырап, нақты жағдайды білуден қалады.

«Айдос Сарым. Жеңісіміз жеңіліске айналмасын десек…» - Биылғы жылдың басты ерекшелігінің бірі – еліміздегі Жеңіс күні айрықша бір белсенділікпен аталып өтті. Кремльдің үстемшіл, импершіл саясатына мүлдем төтеп бере алмайтын сияқтымыз деген билік барша үдерістерді өзі басқарып, оларға асқан көпшілік сипат беріп, сасқан үйректің кебін кигендей болды.

«”Мәңгі өлмес полк” шеруі тәуелсіздігімізден айырады…» - 9 мамыр күні Алматыда бесінші рет «Мәңгі өлмес полк» шеруі өтті. Оған 120 мың адам қатысты. Астана алаңынан басталған шеруге екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлері, аталары майданда болған алматылықтар бас қосты. Қолдарына майдангерлердің суреттерімен бірге КСРО-ның туын ұстап шыққандар да болды.

ABAI.KZ. «Қазақстандық медиада патриархалды көзқарас басым» - Қазақстандағы дәстүрлі медиада “әйел тақырыбына” зерттеу жүргізіп жүргеніне үш жылдан асқан өнертану ғылымдарының докторы Молдияр Ергебековтің зерттеу нәтижесі, қазақ қоғамына “диагноз” қойғандай.

TURKYSTAN.KZ. «Лақап есімі –«Скрипкашы қазақ қызы» - Байланысшы қазақ қызын Мәскеу түбіндегі Сходня поселкесінде орналасқан Белоруссия партизандар қозғалысы штабының бастығы Петр Захарович Калинин (бұрынғы Белоруссия К(б)П ОК-нің ІІ хатшысы) қабылдайды. Штаб бастығы оған Белоруссия жерінде таяуда партизандардың жаудың стратегиялық жоспарларына қарсы «Концерт» деп аталатын үлкен операциясы басталатынын айтып, осы аймаққа арнаулы ұшақпен жіберілетін байланысшы Н.Байсеитованың міндеті партизандар бөлімшесін Орталықпен байланыстыру екендігін түсіндірді.

DALANEWS.KZ.  «Путин? Қытай Еуразиялық одақтың түбіне жетеді» - Саясаттанушы Досым Сәтпаевтың айтуынша, Қытай Ресеймен «ойнап» отыр. Уақыты келгенде Кремльді Орта Азиядан ығыстырып шығады Қытай билігі. 

BAQ.KZ. «Ким Чен Ынның ойыны нені көздейді?» - Солтүстік Кореяға қатысты соңғы дипломатиялық жетістіктерге не себеп болғаны белгілі: Пхеньянға қарсы халықаралық санкциялардың күшейіп, оларды тіпті Қытай мен Ресейдің қолдауы, Солтүстік Кореяның 2011 жылдан бергі лидері Ким Чен Ын жүргізген ядролық және зымыран сынақтарына президент Дональд Трамптың қатаң жауап беруі.

365INFO.KZ. «”Алашорда” болмағанда Қазақстан да болмас еді…» - Қоғамда Алаш арыстарына байланысты түрлі көзқарас бар. Тіпті олар көтерген «Алаш идеясы» мен «Түркістандық идеяға» байланысты қым-қиғаш, қарама-қайшы пікірлер жеткілікті. Бірі Түркістан мемлекетін құру үшін жанталасқандарды жақтаса, екінші бірі ұлттық бірлікті, жерінің тұтастығын ту еткен Алаш арыстарын қолдайды.


14 мамыр 2018, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.