Атырау, 20 сәуір 02:59
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Қырда өткізген екі түн

4 739 просмотра


Атырау облысы Индер ауданы Елтай ауылынан 9 мамырда қыстақтағы ата-анасына жаяу кетіп, жоғалған 11 жастағы баланы үш тәуліктей уақыт іздеді. Ол көптеген малшылардың балаларындай мектепке ауылдағы туыстарының үйінен қатынайтын.  

ТЖД қызметкерлері көліктер мен тікұшақтың көмегімен сол аумақтағы сары даланың түкпір-түкпірін шолып шықты. Іздеу жұмыстарына еріктілер де араласты. Елтай ауылдық округінің әкімі Ербол ДҮЙШІМ хабарлағандай, бүгін, 11 мамырда, бала табылыпты. Ол ауылдан шыққан бірінші түні үйілген шөп арасына ұйықтаса, келесі түнде ата-анасының мал қорасына жетіп, сонда түнепті. Іздеушілер баланы ұйықтап жатқан күйінде сол жерден тауыпты.   

Ляззат КАРАЖАНОВА

11 мамыр 2018, 19:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.