Атырау, 25 сәуір 11:52
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Макрон ядролық келісім туралы: Трамп қателесті

1 877 просмотра


Еуропалықтар Тегеранмен арадағы ядролық келісімнен бас тартпайды. Себебі, ол Таяу Шығыста тұрақтылықты сақтап тұру үшін қажет. Осылай мәлімдеді Франция президенті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі korrespondent.net сайтына сілтеме жасап.

Эмманюэль Макрон DW және ARD арналарына берген сұхбатында Таяу Шығыста тұрақтылықты сақтау үшін Еуропаның Иранмен арадағы ядролық келісімнен бас тартпайтынын айтты.

Франция президентінің пікірінше, бұл «тұрақтылық» қазір бірінші орында тұр. Сондай-ақ, ол алдағы апталарда АҚШ-тың қатысуынсыз жасалған келісімдердің қаншалықты маңызды екенін айтатынын жеткізді.

«Мен Америка президентінің шешіміне өкініш білдіремін. Меніңше, бұл – қателік. Сол себепті біз, еуропалықтар, атом бағдарламасының келісіміне сай әрекет етуіміз керек», - дейді Макрон.

Аталған арналарға сұхбат бермес бұрын Макрон Иран президенті Хасан Роуханиге қоңырау шалып, ЕО-ның келісімді бұзбайтынын хабарлады. Мұнымен қатар, Франция президенті Дональд Трампты келісімді бұзбауға шақыру әрекеті сәтсіз аяқталғанын айтты.

«Мен Трампқа барлығынан түбегейлі бас тартпауды ұсындым. Біз енді келісімшартты толықтырып, оның мерзімін 2025 жылға дейін ұзартуымыз қажет. Шарттарын растайтын боламыз», - дейді Макрон.

Франция президенті осылайша АҚШ-тың бұл келісімнен шыққанына қарамастан, оның өз күшін жоймайтынын жеткізді.

Дереккөз: Baq.kz

10 мамыр 2018, 15:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.