Атырау, 20 сәуір 19:44
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

13 мамыр - марафон: біліп жүрейік

2 921 просмотра


13 мамырда «Atyrau Marathon -2018» шарасын өткізуге байланысты қала жолдарындағы қозғалыс шектеледі, деп ескертеді шараны ұйымдастыру комитеті. Марафон мұнай астанасында екінші жыл қатарынан өткізілуде. Рейсіңізге кешігіп қалмаңыз, өйткені әуежайға айналма жолмен баруға тура келеді.

Мұз айдыны мен орталық көпірге дейін Әбілқайыр хан мен Сәтпаев даңғылдарындағы қозғалыс сағат 6-дан 10-ға дейін жабық болады.

Орталық және Жилгород көпірлері және оған іргелес көшелер сағат 6-дан 13-ке дейін жабылады. Сондай-ақ, жарыс маршрутынан бір кварталға дейінгі қашықтықта және көршілес жатқан көшелердің барлығы жабылады.

Ұйымдастыру комитеті уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды және жүргізушілерге қозғалыс бағыттарын алдын-ала ойластыруды өтінеді.

Қатысушыларды жарыс басталатын нүктеге жеткізудің келесі тәртібі ұйымдастырылған:

- 42 км қашықтыққа Исатай және Махамбет алаңынан сағат 6.00 - 6.10-да автобустар жүреді;

- 10 км қашықтыққа автобустар осы алаңнан сағат 8.00 - 8.10-да жүреді.

4,5 шақырымға жүгіру тегін, ал 10 және 42 км-ге жүгіру үшін шағын жарна қарастырылған. Жиналған ақша қайырымдылыққа, нақтырақ айтқанда, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балалары үшін жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Жарыс басталатын үш жер және бір мәре нүктесі жоспарланған. Тіркеу интернет арқылы (qazrun.kz\atyrau-marathon) немесе «Инфинити» фитнес-клубында жүргізіледі. Биыл барлық қатысушылардың нәтижелерін анықтайтын хронометражды жүйе пайдаланылады.



Дайындыққа жұмсалған барлық шығын 20 миллион теңгеден асты, барлық қаражат демеушілер мен шара серіктестері тарапынан бөлінді. Биылғы жалпы жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайды. Әр қатысушы кәдесый алқасымен марапатталады.

Сызбаларға сүйенсек, жарыс Мұз сарайынан басталып, мәре «Мұнайшы» стадионында аяқталады. 10 км қашықтықты таңдағандар Сәтпаев даңғылы бойымен қалалық әкімдікке дейін жүгіріп, осы жерден оңға бұрылып, жағалау бойымен Жилгородок көпіріне дейін, ол арқылы Әуезов көшесіне шығып, стадионға барады. 42 км қашықтыққа жүгіретін марафоншылар орталық көпір арқылы сол жақ жағалауға, әрі қарай жағалау бойымен Жилгородокқа дейін, осы жерден көпір арқылы және жағалау бойымен қайтадан орталық көпірге дейін, содан соң сол жақ жағалау бойымен стадионға қарай жүгіреді. Жағалау бойымен және көпірлер арқылы осындай 4 шеңбер жасауы керек. 

Жеке ақпарат 

10 мамыр 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.