Атырау, 16 сәуір 14:41
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Тендерсіз отырғызылмайды

Сурет
3 243 просмотра


Осы көктем-жаз маусымында жергілікті билік органдары мұнай астанасын тірі хризантемамен және шырайгүлмен безендіріп, 20 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызуды жоспарлап отыр.

СУАРУ ҚАЛАЙ БОЛМАҚ

Өткен жылдардың ащы тәжірибесі гүлдер мен ағаштар отырғызу қиын еместігін, оларды өсірудің проблема екенін ойға салады. 2008 жылдан бастап жүз мыңдаған көшет отырғызылды, бірақ Атырау ақыры оазиске айналмады. Бұған себеп көп: жарамсыз тұзды топырақ, жерасты суларының қышқылдығы, қатал климат, суару жүйесінің нашарлығы, металл құбырларды тот басқан, қысымға төтеп бере алмайды.


«Қолданыстағы суармалы су құбыры жүйесі қызмет көрсету мерзімін аяқтады», - дейді Атырау әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ редакцияның сауалына берген жауабында. - Бұл желі жұмыс істеу үшін жыл сайын маусым басталар алдында ішінара жөндеу жүргізіледі. Ағымдағы жылы осы мәселені шешу үшін қалалық құрылыс бөлімі  орталық 10 көшенің бойындағы суару құбырын салудың ІІ кезеңін жүзеге асыруды бастайды».

2017 жылғы тамызда Сәтпаев және Әбілқайыр хан даңғылдары бойымен әуежайға қарай суару жүйесінің кешіктіріліп іске қосылғаны белгілі. Жоба бойынша жүйе газондар үшін бүріккішпен және ағаштар үшін тамшылатып суару жүйесімен жабдықталған. Өткен жылы ол газондарды суару үшін қолданылды, бірақ ағаштар бұрынғыша қолмен суарылды. Биыл, Таубаевтың айтуынша, осы даңғылдарда оларды суару 3 резервуардан Жайық суы жеткізілетін магистралды су құбырына таратушы желілерді қосу арқылы жүзеге асырылатын болады. Сорғы компьютерлік басқару блоктарымен, ауа-райы датчиктерімен және магниттік клапандармен жабдықталған. Бірақ объект әзірге пайдаланылмай тұр, өйткені «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» ММ балансына әлі берілмеген. Бұл процедуралық мәселелер шешілгенше, ағаштар қурап қалмас деп үміттенеміз.


ҚАЛА ГҮЛДЕРІ

Өткен маусымда гүлзарлардың барлығы Қазақ саңыраулар қоғамының (ҚСҚ) жергілікті филиалына сеніп тапсырылды. Мердігерге солып қалғандықтан гүлдерді үш мәрте отырғызуға тура келді: бірде күнге күйіп кетсе, енді бірде пайдаланылған газ әсер еткен немесе нашар суарылған – не екені түсініксіз. Қышқұмыраларға қатысты түсінікті – оларда өсіп тұрған түк те жоқ. Атырау ҚСҚ кәсіпорнының директоры Әли СЕИДОВТЫҢ пікірінше, шағын сәулеттік нысандар дұрыс жасалмаған. «Қышқұмыралар топырақпен лық толтырылған, ал гүлдерге мұншалықты топырақ қажет емес, - дейді ол «АЖ»-ға берген сұхбатында. - Жаңбырдан кейін судың кететін жері жоқ...». Түсінгеніміздей, гүлдер қышқұмыралардың ішінде шіріп кеткен.


Анықталғандай, биыл 165 шағын сәулеттік нысандарға дренаж жасалмайды. Бірақ топырақ ауыстырылып, тыңайтылады. Ал тік көгалдандыруға арналған 1328 термовазонға біржылдық тірі өсімдіктер отырғызу жоспарланып отыр. Олар екі әкімдіктің аумағында, ірі жол айрықтарында, мәдениет үйлерінің алдында, қаладағы ескерткіштер мен саяжолдар маңында бой көрсетеді.

Мұның барлығы қанша тұрады? Әкім орынбасарының жауабында: «Жалпы сомасы 214 млн теңгеге тендер өткізілді, ал екі жобаның ақырғы құны (жасыл-желектерге күтім жасау және гүлзарлар отырғызу) ведомстводан тыс сараптама қорытындысы жасалғаннан кейін анықталады» делінген. Салыстырар болсақ: 2017 жылы бұл мақсатқа 333 млн теңге бөлінген болатын.


ДАҢҒЫЛ БОЙЫНДА

Қазір Әбілқайыр хан даңғылындағы автотрасса бойындағы учаскелерді көгалдандыру жобасы әзірленуде. Ол жерге шамамен 20 мың жапырақты және қылқан жапырақты ағаштар отырғызу жоспарланып отыр. Тендер ведомстводан тыс сараптама жасалғаннан кейін өткізіледі. Тендерді аптап басталғанша өткізуге үлгере ме? Әкімдіктегілер жобалау жұмыстары аяқталу кезеңінде екенін айтты.

Анастасия ШЕРСТЯНКИНА 

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

5 мамыр 2018, 17:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.