Атырау, 25 сәуір 20:14
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Ұстауға, қамауға және жауапқа тартуға болмайды», «Ұлттық банктің құқығын күшейтіп, екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігін арттыру керек», «Чернобыль апатының жаңғырығы әлі естіледі»,«Армениядағы жағдай: Демонстрация Мәскеуден алыстата ма?».

2 351 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Ұстауға, қамауға және жауапқа тартуға болмайды» - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (сол жақта) пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға өз елдерінде заң жүзінде "ұлт көшбасшысы" мәртебесі және қылмыстық қудалаудан қорғайтын иммунитет берілген.

«"Талибанның" шекараға күш шоғырлауы Душанбені алаңдатады» - Тәжікстан ресмилері "Талибан" қозғалысы мыңдаған содырын Ауғанстанның оңтүстігінен солтүстігіне апарғанын айтады. Тәжік шекара қызметі басшысының мәлімдеуінше, содырлардың көбі – Орталық Азия елдерінен шыққандар.

«"Жала жапты" деп айыпталған журналист ақталды» - Ratel.kz сайтының Оңтүстік Қазақстан облысындағы экс-тілшісі Динара Бекболаеваны жергілікті белсенді сотқа берген.

 ABAI.KZ. «Сталин біз үшін кім?» - Жақында DEMOSCOPE қоғамдық пікірге жедел-мониторинг жүргізу бюросы Қазақстан азаматтары арасында «Иосиф Сталинге көзқарас» тақырыбында сауалнама жүргізді, деп жазады «Дат-Общественная позиция» гәзеті.

«Ұлттық банктің құқығын күшейтіп, екінші деңгейлі банктердің жауапкершілігін арттыру керек» - Қаржы секторын экономиканың күретамыры деп орынды айтады. Банк жүйесі әлемдік және ұлттық экономикадағы өсім мен құлдырауға дер кезінде бейімделе білу арқылы мемлекеттің қаржылық-экономикалық ахуалына тікелей әсер етеді. Елімізді ілгерілетуге бағытталған бағдарламалардың табысты жүзеге асуы банк жүйесінің тиімді жұмысымен тығыз байланысты.

QAZAQTIMES.COM. «Армениядағы жағдай: Демонстрация Мәскеуден алыстата ма?» -  Арменияның биліктегі Республика партиясы премьер-министр лауазымына оппозицияның кандидатын қолдайтынын білдіргеннен кейін, оппозициялық саясаткер Никол Пашинян жалпы ұлттық наразылық шерулерін тоқтатқан еді.

 INFORMBURO.KZ. «Чернобыль апатының жаңғырығы әлі естіледі» - Осыдан 32 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр стансасының төртінші блогі жарылды. Апаттың зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаз отан алдындағы борыштарын атқарды. Алайда АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады.

TURKYSTAN.KZ. «Боран Рақымбек: Англияда ашуға жол берген жан-ақылы төмен адам» - Англияның Ньюкасл қаласында Қазақстаннан оқуға келген студенттерді іздеп жүріп үйіне шақырып алып, оларға қолдан келген көмегін беріп, қамқорлық жасап жүретін бір қазақ бар. Ол – осыдан он алты жыл бұрын Қытайдан көшіп келген Боран Рақымбек. Сыртта жүрсе де, елдегі болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік. Айтпақшы, ол туралы осыдан жеті жыл бұрын газетімізде «Мен қайда жүрсем де қазақпын» деген материал жарияланған еді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Қытайдан Қазақстанға көшіп келіп, одан Англияға қоныс аударған Бөкең осы уақыт ішінде екі қоғам, екі түрлі мінез туралы көп пікір тұжырыпты. Көргені көптен келелі сөз сұрайтын әдетімізбен сұхбатқа тарттық.

«Саргсян билікке келгенде 10 адамның кеудесіне оқ тиген» - Армениядағы саяси өзгерістердің соңы үкімет басшысы Серж Саргсянның орнынан кетуіне себепші болды. Қазірдің өзінде елде кезектен тыс парламенттік сайлау өтетініне, Үкіметтің ауысатынына қуанып жатқандар да, алаңдаушылар да көп. Себебі соңғы кезде экономикалық-әлеуметтік жағдай да күрт қиындап кеткен. Армян  саяси сарапшысы Тамара Меликсетян Армениядағы қазіргі ахуал жайында әңгімелеп берген еді.

AIKYN.KZ. «Каррер Д’анкосс: Путинмен дұрыстап сөйлесу керек» - Қазіргі уақытта Ресей мен Батыс елдері, сонымен қатар АҚШ арасында саяси жағдайдың күрт шиеленісіп тұрғаны жалпақ жұртшылыққа мәлім. Алдағы уақытта жағдай күрделене бере ме немесе қашанға дейін созылуы мүмкін?


4 мамыр 2018, 09:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.