Атырау, 16 сәуір 16:26
 ашықВ Атырау +16
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

Мәскеуде терезеден құлап кеткен қазақстандық қыз көз жұмды

2 051 просмотра


Халықаралық экономикалық қатынастар кафедрасының төртінші курс студенті бейсенбі күні қайтыс болды. Мәскеуде МГИМО терезесінен құлап кеткен қазақстандық қыз көз жұмды.

21 жастағы қыз бейсенбі күні ресейлік ауруханада жан тапсырды.

"Таңғы 4.00-те көз жұмды", — деп мәлімет берді Склифосовский атындағы ҒЗИ РИА Новости агенттігіне.

Сыртқы істер министрлігі қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.


Это не первый случай в Москве, когда наших студентов выбрасывают из окна. У моих соседей в Алматы такая же трагедия произошла несколько лет назад. Они потеряли сына, умнейшего парня. Сегодня я узнала, что Томирис - дочь моей знакомой, стилиста Жанны Ахметовой @_ahmetova_zhanna_ Отличница учебы МГИМО выпала из окна 4-го этажа ВУЗа на глазах у других студентов. Перенесла 3 операции и находится сейчас в тяжелом состоянии. Давайте поможем девочке и Ее матери. Киви кошелёк 87016840099 Банк центр кредит Номер карточки 4667 2003 9656 2623 Ashimova Aigerim

Публикация от Dinara Satzhan (@dinarasatzhan)


Куәгерлердің айтуынша, қазақстандық қыз 13 сәуірде Дағыстан тумасы — басқа бір оқу орнының студентімен сөйлесіп тұрған. Кей деректерде айтылғандай, екеуі қыз-жігіт болып жүріп жүрген көрінеді. Мәліметтердің біріне сүйенсек, екі жас бір-біріне дауыс көтеріп, жігіт терезені ашып, қызды итеріп жіберген. Жедел жәрдем зардап шеккен бойжеткенді ауруханаға жатқызды. Қыз көптеген сынық жарақатын алып, басына зақым келген.

Кейінірек Дағыстан тумасы қарама-қайшы түсініктеме беріп, қазақстандық студентпен болған оқиғаға қатысы барын жоққа шығарды.

Дереккөз: sputniknews.kz

3 мамыр 2018, 14:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.