Атырау, 25 сәуір 11:17
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

«Мәслихат та тізіммен сайланса, не болмақ?», «Бес елдің басқосуы — жақсылықтың нышаны», «Пашинян сайланбаған соң Армения қайта көтерілді», «Қол жинап, жасақ дайындамайтын», «Шенеуніктерге смартфондарын қайтару керек».

2 204 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Мәслихат та тізіммен сайланса, не болмақ?» - Азаттық тілшісі "мәслихат депутаттарын партиялық тізіммен сайлауды" ұсынатын заң жобасы парламентке түскен күні мұндай өзгерістің болжамды салдары туралы саяси партия өкілдерінің және белсенділердің пікірін білді.

«Пашинян сайланбаған соң Армения қайта көтерілді» - Армениядағы билік партиясы Пашинянды премьер-министр етіп сайлауға әуелі қарсы дауыс беріп, сәрсенбіде халық толқуы қайта күшейген соң мамырдың 8-індегі сайлауда қолдайтынын айтты.

«Той шығынын азайтуға бола ма?» - Қырғызстан Мәдениет, ақпарат және туризм министрлігі түрлі салтанатты шараларды өткізудің ең үздің сценариіне байқау жариялап отыр. Жүлде қоры 200 мың сомды құрайтын конкурс мамырдың 1-інен қыркүйектің 15-іне дейін өтеді.

ZHASALASH.KZ. «Шенеуніктерге смартфондарын қайтару керек» - Шенеуніктің қолындағы смартфонын тартып алудың қажеті жоқ. Республикалық арнайы мониторингтік топтың төрайымы Айгүл Соловьева  мемлекеттік қызметкерлердің жұмыс уақытында смартфондарды пайдалануына салынған тыйымды алып тастау керек деген пікірде. Себебі, шектеудің кері тұстары да барын ескеру керек дейді.

ABAI.KZ. «Тіл байлау саясаты» - Туған жері Қытай елі болғанымен, Қазақстан азаматтығын алған адамдар  Қытайға туысшылап барып қайтып келе алмай, бір отбасы екіге бөлініп қалды.  Қазір Қытайдан келген екі қазақтың бірі Қытайдағы туған, туысқан, ағайын, достармен хабарласып тұрудан қалдық дейді.

«Қонаев пен Назарбаевтің Әруақ туралы көзқарастары» - Бұл күнде діни уағызшыларымыз әр жерде «Әруаққа құрмет ету,  оған сиыну – Аллаға серік қосқандық»  дейтін,  тіпті  «Қабір тұрғызбау,  өлікті жерлеген соң жерді тегістеп тастау»,  «Жеті,  қырқы,  жылдығы дегендер шариғатта жоқ», «құран бағыштамау», т.б пәтуалар көбейе бастады.

 QAZAQUNI.KZ. «Қол жинап, жасақ дайындамайтын» - Софы Сматаев Жазушылар одағының басшыларын салыстырды. Біз қазақ әрі дана, әрі шала ұлтпыз. Даналығымыз – өнердегі биіктігімізде. Ән-жырдағы тереңдігімізде. Шалалығымыз – қызғаншақ, күншіл бақастығымыз бен бір-біріміздің мұң-зарымызды естімес кереңдігімізде.

TURKYSTAN.KZ. «Кәсіпкерді тығырыққа тіреген электронды сауда» - Әлемде онлайн сауда-саттық жасау қарқын алғаны баршаға мәлім. Бүгінде электронды сауда жасаудың тиімділігін білген жұрт ұялы телефонның көмегімен-ақ әлемнің кез келген түкпірінен тауар сатып алуға көше бастады. Бұл қазір Италия кәсіпкерлері үшін түйткілді мәселеге айналып отыр.

DALANEWS.KZ.  «Жириновский: “Қарашаңыраққа қайтып оралыңдар…”» - Жоқ, Жириновский “жынды” емес. Кремль екеуінің ым-жымы бір екені баяғыдан белгілі. Қой демейді бұған. Айтақтатады. Айта түскенін қалайды деп жазады DalaNews.kz.

QAZAQTIMES.COM. «Орталық Азияда жиһадшылардың жаңа лидері өңір қауіпсіздігіне қатер төндіруде» -  АҚШ-тағы дін және саясаттанушы Урбан Ботобеков BBC-ге жариялаған мақаласында Орталық Азияда «әл-Каиданың» идеологиясын қолдаушы жиһадшы салафиттердің дың барған сайын көбейіп келе жатқанын айтады. 

«Мақсат Халық: Теңге әлі де әлсіреуі мүмкін» -  Бүгін доллар 330 теңгеге жетті. Қазақстан Қор биржасының таңғы сессиясында АҚШ валютасы бірден 3 теңгеге қымбаттады. Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев теңге құнының құлдырауына Ресей рубльінің әлсіреуі түрткі болды деді. Осы тұста, төл ақшаның алдағы тағдырына алаңдап жатқан адам көп. Сондықтан біз сала мамандарының пікірін білуді жөн көрдік.  

 JASQAZAQ.KZ. «Бес елдің басқосуы — жақсылықтың нышаны» - Қазақта аман-саулықтан кейін «Көршің кім, онымен татусың ба?» деп жөн сұрайтын әдет бар. Біз көршіге жарыған елміз. Теріскеймізде – ормандай орыс. Ал шығысымызда – қалың қытай. Күнгейде – Кіндік Азиядағы бауырлас халықтар. Көрші болған соң ауылымыз аралас, қойымыз қоралас. Қай көршімізбен болсын, алыс-берісіміз қарым- қатынасымыз жақсы. Дейтұрғанмен кейбір түйткілдер де жоқ емес. Осы бағыттағы байланыс қалай өрбіп жатыр? Бұл сауалды белгілі саясаттанушы Досым Сәтбаевқа қойған едік.

«”Өрмекші адам” өсіріп жатырмыз» - Күнделікті әдетімізбен ұлым мен қызымды балабақшаға апара жатқан бетім. Балабақша Азия мен Еуропаны жалғап жатқан Атыраудағы көпірдің арғы бетінде болғандықтан, такси ұстаймыз. Жүргізуші аға әңгімешіл кісі екен, көлікке отырған беттен ұлымды сөйлетіп, сұрақтың астына ала бастады. «Атың кім? Кімнің баласысың? Өскенде кім боласың?» деп жатыр. Былай қарағанда, кез келген қазақтың баланы көргенде қоятын көп сұрағының бірі. Бірақ ұлым «Атым – Әлішер. Өскенде «Өрмекші адам» боламын» деген кезде, шыны керек, өзім не дерімді білмей қалдым. «Неге Толағай болмайсың? Ол тау көтереді ғой» дедім әңгімеге араласып. «Ол ұша алмайды, қолынан тор шығара алмайды» деп кесіп тастады балам.


3 мамыр 2018, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.