Атырау, 29 наурыз 01:37
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Спорт жаңалықтары

Сурет
3 287 просмотра

БОКС      


Шымкентте жасөспірімдер арасында 2000 жылғы Олимпиада жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков атындағы халықаралық турнир өтті.

46 келіге дейінгі салмақта Атырау спортшысы Бекзат Мәжитов турнир жеңімпазы атанды. Оны бапкерлер А. Нысанбаев, А.Байдуллиев және А.Дәулетов дайындады.


ГОЛБОЛ


Алматыда көру қабілеті бойынша мүгедектер арасында голболдан ел чемпионаты өтті. Қазақ соқырлар қоғамы (ҚСҚ) облыстық филиалының 5 мүшесінен құралған «Атырау» командасы бұл жерде 5-ші орынға ие болды.

Голбол 1980 жылдан бері Параолимпиада ойындарының бағдарламасына кіреді. Ережеге сай алаңға 3 ойыншыдан 2 команда шығады,  әрқайсысы кезекпен өздерінің ені 9 метр қақпаларын қорғайды. Шабуыл жасайтын команданың әрекеттері боулингтегі шарларды сырғанатуға ұқсайды. Мұнда доп шылдырмақпен жабдықталған.

«Атырау» командасы плей-оффқа шықпаса да, нәтижесімен – 32 голмен ерекшеленді. Алайда, ҚСҚ филиалының төрағасы Марат Үмбеталиевтің айтуынша, бұл олардың алғашқы бәсекелестік тәжірибесі екен. Көп ұзамай осы спортшылар ҚР Кубогына қатысады.

Суретте: голбол бойынша «Атырау» командасының үш ойыншысы: Данияр Идиятов, Аман Әзбергенов және Талғат Хами.


ЖҮГІРУ


«Мұнайшы» стадионында «Барыс» балалар мен жасөспірімдер дене шынықтыру клубының қолдауымен мектеп оқушылары арасында «Көктемгі кросс» және жеңіл атлетикалық эстафета өтті.

2 және 1 километрге жүгірудің финалдық кезеңінде (екі жас ерекшелікте) Атыраудағы 8 мектептің стайерлер командасы қатысты. Жеңімпаздар - Денис Ким (№ 21 мектеп), Мақсат Ғимранов (Амангелді атындағы мектеп), Кристина Приданова және Любовь Маркелова (екеуі де №12 мектептен). Эстафетада НЗМ командасы жеңіске жетті.


ФУТБОЛ

Дене шынықтыруды дамыту орталығының қолдауымен 2003-2004 жж. оқушылар арасында футболдан облыстық «Былғары доп» іріктеу турнирі өтті.

Финалдық кезеңде Атырауда және аудандарда өткен турнирлердің жеңімпаз командалары ойнады. Нәтижесінде 1-орынды Жылыой ауданының №9 мектебі, 2-ші орынды НЗМ, 3-ші орынды - Индер ауданының  Әуезов атындағы мектебі алды.


ДЗЮДО


Алматыда ҚР дзюдо федерациясының құрметті президенті Б. Махмутовтың жүлдесі үшін жастар арасында Азия кубогы өтті.

Атырау облысының құрамасы жақсы нәтижелер көрсетті. 55 келіге дейінгі салмақта күміс алқа Бақыт Әбдісаматқа бұйырды, осы салмақта Әбілқайыр Ұлықбек қола алқаны місе тұтты. Айболат Ыстыбай (66 келіге дейін) мен Ермағанбет Жанұзақ (100 келіден жоғары) та қола алқа иеленді. Спортшыларды жаттықтырушылар Қ.Сүлейменов, М.Есмағамбетов, Р.Құлбаев, А.Бегалиев және А. Сағынғанов дайындады.


БОКС

Қызылорда облысының Шиелі ауылында 2002-03 жж. жасөспірімдер арасында А.Шорабаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Атыраулық спортшы Исламбек Мұратов мұнда күміс алқа жеңіп алды. Мұстахим Бекқалиев пен Темірболат Сұлтанбек - қола алқамен марапатталды.

***



«Атырау» ДСК-де бокстан қазақ батырлары Исатай мен Махамбетті еске алуға арналған Х халықаралық турнир өтті.

Оған Ираннан, Ресейден, Өзбекстаннан, Қырғызстаннан, Әзірбайжаннан, Моңғолия мен Қазақстанның көптеген облыстарынан 100-ден астам былғары қолғап шеберлері қатысты. Командалық есепте (10 алқа, соның ішінде екі алтын) турнир қожайындары 1-орын иеленді. Атыраулықтардан Асылхан Ұзақбаев (60 келіге дейін) пен Есенаман Шунгарин (91 келіге дейін) алтын алқа алды. Бұдан басқа, Асылхан турнирдің ең техникалық боксшысы деп танылды. 

Дайындаған Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

3 мамыр 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.