Атырау, 28 наурыз 14:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

«Статидің Маңғыстаудағы даулы мүлкін кім иеленді?», «Жарылыстан Азаттық тілшілері қаза тапты», «Мирзияев Орталық Азияның көшбасшысы бола ма?», «Қытай билігі шеттегі қазақты қойып, іштегі қазаққа да саяси қысым түсіруде».

1 935 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Статидің Маңғыстаудағы даулы мүлкін кім иеленді?» - Жоғарғы сотта молдовалық бизнесмен Анатол Статидің Қазақстандағы активтерінің бір бөлігін жекеменшік компаниялардың заңсыз иеленуіне қатысты сот процесі жүріп жатыр. Атыраулық заңгер мемлекет иелігіне алынды деп хабарланған даулы мүлік күмәнді жолмен жекеменшікке өтіп кетті деп дабыл қағады.

«Ирак өмірлік түрме жазасына кескен әйелдер» - Ирак соты 29 шетелдік әйелді, оның ішінде Ресейдің 19 тұрғынын "Ислам мемлекеті" террорлық ұйымын қолдағаны үшін өмір бойғы түрме жазасына кесті.

«Қазақ студенті: “Үнді сериалдарында рөл ойнап жүрмін”» - Үндістанда оқитын қазақ студенті үнді сериалдарына түсіп, қосымша табыс тауып жүргенін айтады. Хайдарабадта оқитын студент ауа райы ыстық, өмір сүру құны арзан қаланың тіршілігі туралы да сөз етті.

«Жарылыстан Азаттық тілшілері қаза тапты» - ДАИШ содырлары мойнына алған Кабулдағы екі терактіден кем дегенде 25 адам қаза тапты. Олардың қатарында Азаттықтың Ауған қызметінің екі журналисі мен өзге де ақпарат құралдарының бес қызметкері бар.

«Пашинян - Армения премьерлігіне жалғыз кандидат» - Армения парламенті Никол Пашинянды премьер-министр етіп сайлау және жаңа үкімет сайлауын өткізу мәселелерін талқылап жатыр.

«Иран Түркіменстанға газ алмасу келісімін ұсынды» - Иранның мұнай вице-министрі Ашғабаттың Түркіменстан–Ауғанстан–Пәкістан–Үндістан газ құбырын салуға қаржы таба алатынына күмән келтірді. Есесіне ол Түркіменстан мен Пәкістанға газ алмасу келісімін ұсынды.

ABAI.KZ. «Қытай билігі шеттегі қазақты қойып, іштегі қазаққа да саяси қысым түсіруде» - Арғы беттен өз бетімен көшіп келген этникалық қазақтар Қазақстан Республикасынның азаматтығын алған соң, Қытайдың бұрынғы Төлқұжатын Қазақстандағы Қытай Елшілігіне апарып тапсырып беретін. Не түлен түрткені белгісіз, Шығыстағы көршіміздің Елшілігі бір айдан бері осы қағидатынан жалт беріп, келген елінің азаматтығынан шығуға өтініш айтып келген қандастарымыздың құжатын қабылдамайтын «өнер» шығарып жатыр.

«Әйелдердің зейнетақы жасы кезең-кезеңімен көтеріледі» - "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы"  2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстар Республикасының Заңына сәйкес осы жылғы шілде айынан бастап зейнетақы жүйесінде өзгерістер енгізілу күтілуде.

365INFO.KZ. «Мирзияев Орталық Азияның көшбасшысы бола ма?» - Егер Өзбекстан Түркіменстанмен келіссөздерде жақсы нәтижеге қол жеткізсе, онда бұл Мирзияев Орталық Азиядағы саяси реформаларды жүзеге асыруға қабілетті дегенді білдіреді, деп есептейді сарапшы Григорий Лукьянов.


2 мамыр 2018, 09:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.