Атырау, 19 сәуір 13:24
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​АҚШ пен Израиль Иранға қарсы күш біріктірмек

2 250 просмотра


АҚШ пен Израильдің қорғаныс министрлері. Фото: United States Department of Defense. Израиль қорғаныс министрі Пентагонға іс-сапармен барып, АҚШ-Израиль арасындағы әскери ынтымақтастықты тіпті де бекемдей түсетінін білдірді. 

АҚШ қорғаныс министрі Жеймс Мэттис кездесуде екі елдің қорғаныс және стратегиялық ынтымақтастығын қазіргіден де биік деңгейге көтеретінін мәлімдеді. Бұл туралы «Шинлаң» ақпараттық сайты хабарлады. Израиль қорғаныс министрі Авигдор Либерман Пентагон сапарында, Жеймс Мэттиспен жоғары деңгейдегі кездесу өткізді.

Кездесуден кейін екі елдің қорғаныс басшылары біріккен баспасөз мәжілісін басқарып ашып, екі ел арасындағы қорғаныс саласында жасалатын жаңа қадамдар туралы айтып өтті. Тараптар Орта Шығыста Иранға қарсы ортақ күш біріктіріп, аймақтың тұрақтылығы мен қауіпсіздігін сақтайтынын жеткізді. АҚШ пен Израиль қадамдарынан алдағы уақытта Орта Шығыста Иранға жаңа қысымдардың жасалуы мүмкін екенін көрсетеді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

28 сәуір 2018, 16:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.