Атырау, 28 наурыз 23:53
 ашықВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Qazkom банкі мемлекеттік тіл аясында туған жанжал үшін кешірім сұрады

Бейнежазба
2 533 просмотра


Qazkom банкі 25 сәуірде болған жағдай үшін кешірім сұрады, деп хабарлайды Today.kz. Бейнежазба Qazkom банкінің Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. 

"Мен "Қазкомменцбанк" АҚ басқарманысың төрағасы Ульф Вокурка, сіздерге Қазкоммерцбанктің бөлімшелерінде екі тілде қызмет көрсетілетінін және екі тілде тиісті дәрежеде қызмет көрсете алатын білікті қызметкерлеріміздің барын мәлімдеймін. Кеше Астанадағы бөлімшеде болған оқиға үшін сіздерден кешірім сұраймыз. Бұл бөлімшеде біздің банкте қабылданған клиентке қызмет көрсету ережесі сақталмады. Әрине, бұл оқиға біз үшін үлкен сабақ болды. Біз өз тарапымыздан Астана қаласында және ел бойынша барлық бөлімшеде қызмет көрсету сапасын жете бақылап, жақсартуға тырысамыз. Ал Астана қаласындағы қызметкерлеріміз бұдан былай мұндай оқиғалардың қайталанбауына бар күшін салуда", – деді Ульф Вокурка. 

Видеоға түсіп қалған банк қызметкерлері де кешірім сұрады. 



"Мен Әлия Құмарова "Сарыарқа" бөлімшесінің бастығы қызметін атқарамын. Кешегі күні болған келеңсіз жағдайға байланысты кешірім сұраймыз", – деді Әлия Құмарова. 

"Менің атым – Әйгерім. Мен Астана қаласындағы Казкоммерцбанк бөлімшесінде жұмыс істеймін. Ең алдымен 25 сәуірде болған оқиға үшін кешірім сұрағым келеді. Банк клиенті менімен қазақ тілінде тілдесіп, камерасын қосып қойған соң мен не істерімді білмей, сасқалақтап қалдым. Сондықтан оған тиісті дәрежеде қызмет ұсына алмадым. Өйткені мен Ресейде туып-өстім. Жақында ғана туған жеріме, Қазақстанға көшіп келдім. Қазіргі кезде Институтта көптілді топта білім алып жүрмін. Қазақ тілін меңгеруге бар күшімді саламын", – деді банк қызметкері.

Естеріңізге салайық, түрік журналисі Оғыз Доған Facebook әлеуметтік желісіне видео жариялап, "25 сәуірде аталған банк бөлімшесіне есепшот аштыруға келгенін" айтады. Видео авторының сөзінше, ол қалаған қызметін мемлекеттік тілде ала алмаған

Дереккөз: today.kz

27 сәуір 2018, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.