Атырау, 16 сәуір 23:18
 ашықВ Атырау +20
$ 448.56
€ 478.03
₽ 4.79

​Ұшақта тәртіп бұзғандарға қандай жаза қолданылады

1 517 просмотра

ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе кемесі бортында құқық бұзған жолаушыларға салынатын айыппұл түрлерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар кодексіне сәйкес, әуе кемесінде тәртіп бұзған жолаушыларға қолданылатын шаралар инфографикасын ұсынып отырмыз. Атап айтқанда, ұшу, қону және бұрылу кезінде орыннан тұрып, салон ішінде жүргендер мен дәлізде тұрған жолаушыларға 3 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Әуе кемесі бортында шылым шеккен жолаушыға 200 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке әкімшілік тұтқынға алу жазасы қарастырылған»,- деп жазылған Азаматтық авиация комитетінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында. 

Сондай-ақ, ұшуға немесе жолаушылар мен экипаждың денсаулығына, ар-намысына зақым келтіру қаупі туған жағдайда, жеке тұлғаға 200 АЕК көлемінде айыппұл немесе 15 тәулікке әкімшілік тұтқынға алу жазасы тағайындалады. 

«Ұшақ бортында кез келген балағаттау, зорлық-зомбылық немесе қорқыту мен үркітуге жол берілмейді. Бұл үшін 10 АЕК көлемінде айыппұл немесе 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы беріледі. Өзгенің мүлкіне қасақана зақым келтіргендер немесе әуе кемесінен алып кеткендер, ұшқыштар кабинасына кіруге әрекеттенгендер де 200 АЕК айыппұл немесе 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасын алады.

Дереккөз: inform.kz

26 сәуір 2018, 17:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.