Атырау, 25 сәуір 16:43
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Балалар орталығына айналады

2 146 просмотра


Техникалық гимназия көшкеннен кейін бос қалған ғимаратта жыл соңына дейін мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған оңалту орталығы іске қосылады.

Ғимараттың тағдыры әсіресе көршілес бес қабатты үйде тұратын оқырмандар тобын қызықтырып отыр. Мамандандырылған техникалық гимназияның қаланың сол жақ жағалаудағы орталығынан оң жақ жағалаудағы Нұрсая ықшам ауданына өткен жазда көшірілгені белгілі. Содан бері қарай СТГ-ның бұрынғы аумағында көрші тұрғын үйлердің ауласына желмен ұшып жатқан қоқыс үйінділері, сондай-ақ, төңіректегі тұрғындар, әдеттегіше, жақсы нәрсе күте қоймайтын «күмәнді» жандар да пайда болған. Сөйтіп, тұрғындар ақша жинап, биік дуал тұрғызуды ұйғарыпты.

- Бірақ бұл мәселесіз де қаржы жұмсайтын нәрсе баршылық, одан да балаларға ойын алаңын салғанымыз жақсы еді. Билік бұл ғимаратты қашан қолға алады? - дейді Елена.

- Қолға алдық, - деп жауап берді Атырау әкімінің орынбасары Мейірім ҚАЛАУИ. - Күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама дайындалып, мемлекеттік сараптамаға жіберілді. Бір ай ішінде жауап күтеміз. Егер оң қорытынды жасалса, мердігерді табу үшін тендер жариялаймыз. Ағымдағы жылдың бюджетінде ақша қарастырылған. Жөндеу мерзімі 4 ай.

Жөндеу жұмыстарын жазда бастау жоспарланып отыр, жыл соңына қарай ғимарат қайтадан балалардың у-шуына толады. Бір жарым мың шаршы метрдей аумақта балалар мен ата-аналар мамандардан кеңес алып, медициналық және әлеуметтік оңалту курстарынан өте алады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

25 сәуір 2018, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.