Атырау, 20 сәуір 00:06
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Астана банкы депозиттерден ақша шешуге шектеу қойды

1 985 просмотра


Астана банкы есеп шорттар арасындағы ақша аударымына және депозиттерден ақша шешуге тыйым салды. Шектеу ағымдағы жылы 22 сәуір мен 2 мамыр аралығында жұмыс істейді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі банктың баспасөз қызетіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, банк мына операцияларға шектеу қойды:

ағымдағы есеп шоттардан/депозиттерді өздерінің есеп шорттары арасында аударуға, сонымен қатар, үшінші тұлғаның пайдасына – 200 000 теңгеге дейін тәулігіне бір реттен артық интернет немесе мобильді банкинг арқылы аударым жасауға тыйым салды;

банк бөлімшелерінде бір жеке тұлға үшін бір аптада 1 млн теңгеге дейін депозиттерден ашқа шешуге тыйым салды.

Астана банкының клиентері арасындағы дүрбелең өткен аптада басталды. Бұл банк туралы Нұрсұлтан Назарбаев көрсеткіштері нашар банктердің бірі деп ат ап өткен болатын. Банкта президенттің мәлімдемесін жоққа шығарды және жағдайды тұрақты деп атап өтті.

«Банк төлем дебеттік карталарды қолдануға ешқандай тыйым салмайды. Жеке тұлғалардың барлық салымдары, ағымдағы есеп шоттар мен карточкалардағы қалдықтары Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қорымен сақтандырылған, әр адамға 10 млн теңгеден есептелінген», — делінген хабарламада.

Бірінші кезекте Астана банкы республикалық бюджетке клиенттердің міндетті төлемдерін, клиенттердің жалақысы және шәкіртақысы бойынша төлемдерін жүргізетін болады.

Сонымен қатар, банк заңды тұлғалар алдында келісімге сәйкес өз міндеттемелерін белгіленген межеге сәйкес орындауға мүдделі.

Бұдан басқа, банк Ұлттық банкқа жедел өтімділік беруді сұрап өтініш жасады. Бүгінде займ беру мүмкіндігі мен шарттары талқыланып жатуы мүмкін.

Дереккөз: Baq.kz

24 сәуір 2018, 15:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.