Атырау, 19 сәуір 18:07
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Астанада төрт бала жоғары қабаттан құлап кетті

1 625 просмотра


Мамандар ата-аналарды мұқият болып, балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады. Астанада төрт бала жоғары қабаттан құлап кеткен, бір бала көз жұмды, деп хабарлайды елорданың төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті.

"16 наурыз бен 22 сәуір аралығында төрт бала (екеуі 2013 жылы туған, екеуі – 2014 жылы) терезеден құлап, біреуі қайтыс болды", — деп мәлімет берді баспасөз қызметі. 

Мұндай оқиғалар ата-анасы балаларын қараусыз қалдырып кеткен кезде болады. Сол себепті төтенше жағдайлар жөніндегі департамент ата-аналарды мұқият болып, терезесі ашық бөлмеде сәбиді жалғыз тастап кетпеуге шақырады. 

Сонымен бірге, терезенің үстіңгі жағын ғана ашып, бала өз бетімен терезені ашпас үшін арнайы блокираторларды пайдалануға кеңес берілді. 

Дереккөз: sputniknews.kz

24 сәуір 2018, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.