Атырау, 29 наурыз 14:43
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Риддер әкімі орынбасарының адам қағып, қашқан сәтінің видеосы жарияланды

1 526 просмотра


Куәгер түсірген видеороликте даңғой жүргізуші қауіпті бұрылыс жасайды. Желіде Риддерде мас күйінде рөлге отырған әкім орынбасары жас жігітті қағып кетіп, артынша қашқан сәтінің видеосы пайда болды. Онда BMW маркалы жол талғамайтын көліктің жүргізушісі жолда қауіпті бұрылыс жасағаны көрінеді.  

Видеоны Хабар 24 редакциясына мерт болған жігіттің әкесі жіберді. Оны оқиға болған күні сол жолмен мас қызметкерді аңдыған көлік жүргізушісі берген. Осі іске қатысты бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов пікір білдірген еді. 

"Бұл шынымен де қайғылы жағдай. Ол (Риддер әкімінің орынбасары –автор ескертп.) қамауға алынды. Бүгін біздің құқық қорғау органдары тиісті процедураны жалғастырып жатыр. Марқұмның ата-анасына көңіл айтып, кешірім сұрадық. Енді сот тергеуінің аяқталғанын күтеміз", — деді Ахметов 17 сәуір күні үкімет отырысынан кейін. 

Әкім ашық тергеу жүргізуге тапсырма бергенін атап өтті. 

Еске салып өтсек, Риддер әкімінің орынбасары 19 жастағы жігітті көлігімен қағып өлтірді. Жол-көлік оқиғасы кезінде 45 жастағы жүргізуші мас болған. 

Қазір шенеунік уақытшы ұстау абақтысында отыр, ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.



Дереккөз: sputniknews.kz

24 сәуір 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.