Атырау, 25 сәуір 04:46
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Мексика мен Еуроодақ арасында жаңа келісім жасалды

1 621 просмотра


Еуроодақ пен Мексика еркін сауда аймағына қатысты жаңа келісім жасауға сөз байласты. Бұл туралы Еуроодақтың сауда істері жөніндегі комиссары Сесилия Мальмстрем мәлімдеді. 

Келісім Еуропа нарығына АҚШ-тың баж салығының ықпалын азайтуды көздейді. Бүгінде Еуроодақ Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай елдерімен дәл осындай байламға келуге ниетті. Айта кетейік, бұған дейін Брюссель мен Мехико еркін сауда аймағы туралы келісімге 1997 жылы қол қойған. Ол тек өндіріс тауарларына ғана қатысты болатын. 

Тараптар енді келісімді жаңартып, айналымдағы тауарлар қатарын көбейтпек.  

Сесилия Мальмстрём, Еуроодақтың сауда істері жөніндегі комиссары: 

- Мексикамен арадағы еркін сауда аймағы туралы келіссөздің соңғы кезеңіне келдік. Аз уақыттың ішінде тиісті шешімдер қабылдап, ескі келісімді жаңартуға сөз байластық. Бұл өзгерістердің бәріміз үшін маңызы зор.

Дереккөз: 24.kz

23 сәуір 2018, 10:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.