Атырау, 28 наурыз 16:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Астанада із-түзсіз жоғалып кеткен ата-ана табылды

1 587 просмотра


Полицейлер анықтағандай, оларға қатысты ешқандай құқық бұзушылық жасалмаған. Астана полициясы із-түзсіз жоғалған үш баланың ата-анасын іздеп тапты, олардың хабар-ошарсыз кеткендігі туралы әлеуметтік желілерде хабарланған болатын.

Полиция мәліметінше, отыз екі жастағы Гүлхан Терлікбаева мен Исраилжан Идминов жедел іздеу шаралары барысында табылды.

"Полиция бұл азаматтар туралы түскен ақпаратты мұқият тексеріп отырды. Оларды іздеуге Астана қаласы ішкі істер департаментінің жеке құрамы ғана емес, өзге облыстардың департаменттері де жұмылдырылған. Ерлі-зайыптылар аман-есен табылды", — деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Ер мен әйел түсініктеме беру үшін қаланың ішкі істер басқармасына жеткізілді.

19 сәуірде әлеуметтік желілерде Гүлхан Терлікбаева мен Исраилжан Идминовтың 12 сәуірде үйден шығып, қайта оралмағаны туралы хабар тараған еді. Ерлі-зайыптылардың үш қызы бар. Үлкені – 7 жаста, ортаншысы – 5-те. Ал ең кенже қызы небәрі бір жаста ғана.

Дереккөз: sputniknews.kz

20 сәуір 2018, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.