Атырау, 20 сәуір 11:26
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Армениядағы митинг: Оппозиция өкілдері жолдарды жауып тастады

1 492 просмотра


Ереванда елдің экс-президенті Серж Саргсянның Арменияның премьер-министрі болып сайланғанына қарсы наразалық шаралары жалғасып жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости

Басылымның мәліметінше, наразылық акциялары Ереванның түрлі аудандарында өтіп жатыр. Демонстранттар қаладағы жолдарды, сондай-ақ, қалааралық жолдарды жауып тастаған. Тәртіп сақшылары өз кезегінде осы шараға қатысып жатқандарды ұстаумен айналыса бастады. Ұсталғандардың саны 10-ға жеткен. 

Еске сала кетейік, Арменияның бұрынғы президенті Серж Саргсянның жаңа қызметке тағайындалуына қатысты наразылық шаралары 13 сәуірден бері жалғасып жатыр. Митингке қатысушылар дүйсенбі күні парламенттің ғимаратына баса-көктеп кірмекші болған еді.

Полициядағылар оларды ұстап, салдарынан 10-ға жуық адам зардап шеккен болатын. Наразылық шараларына қарамастан Армения парламенті Серж Саргсянды премьер-министр қызметіне тағайындады.

Дереккөз: tengrinews.kz

20 сәуір 2018, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.