Атырау, 29 наурыз 06:31
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Ким Трамппен кездесу үшін принциптерінен бас тартты

2 480 просмотра


Ким Чен Ын денуклеаризация келісімін жасау үшін Оңтүстік Кореяға енгізілген америкалық әскерді шығару туралы талабынан бас тартты. Бұл туралы Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі CNN басылымына сілтеме жасап.

АҚШ 28 000 әскери қызметкерін Оңтүстік Кореяға енгізіп, біріккен оқулар жүргізуде. Жыл сайын өткізілетін бұл шара Ким Чен Ынның жынына тиетін. Десе де, Ким ашықтық әрі дипломатиялық саясатын ұстанып, корей жартылай аралындағы жағдайды ретке келтіру үшін америкалық-оңтүстік кореялық әскерге қарсы емес екенін жариялады. Бұл туралы Сеул тарапы мәлімдеді.

«Солтүстік Корея өз ядролық қару бағдарламасынан бас тартуға дайын, бұл ретте біздің елдегі АҚШ әскерін шығармауға да келісіп отыр», - деді Мун.

Оңтүстік Корея президентінің айтуынша, біріккен оқуды тоқтатып, АҚШ әскеріне қарсылық көрсетсе, Ким Вашингтон тарапынан сынға ұшырауы мүмкін.

Оңтүстік Корея басшысы Киммен келесі аптада кездесуі тиіс. Тарихи саммит демилитаризацияланған аймақта – екі елдің шекарасында өткізіледі.

Екі корей елінің ресми өкілдері корейаралық президенттер саммитінің алдында кездесіп, жаттығу жүргізеді. Бұл туралы Оңтүстік Корея «көк үйінің» баспасөз хатшысы Ким Эуи-Кием мәлімдеді. Хатшының айтуынша, Оңтүстік Кореяда жаттығу жұмыстары екі рет алдын ала өткізіледі. Ол 24, 26 сәуірге жоспарланған. Ал Солтүстік Корея ресми өкілдері президенттер кездесуінің алдында 27 сәуірде алдын ала жаттығу саммитін өткізбек.

Айта кетерлігі, Трамп Киммен тек өз талаптары орындалғанда ғана кездесетінін айтқан болатын. «Егер кездесудің сәтті өтетіні белгілі болмаса, онда оны өткізудің де қажеті жоқ. Егер жемісті нәтижеге қол жеткізе алмасақ, мен орнымнан тұрып кетемін» деді Трамп.

Ал жыл сайын өткізілетін Сеул-Вашингтон әскери оқулары Кимнің жынына тиіп, ол Пхеньянға қауіп төндіру үшін әдейі жасалып отырған әрекет деп бағалайтын. Дегенмен, Пхеньянға сапар шеккен Оңтүстік кореялық делегация Кимнің бұл ойынан бас тартқанын айтып отыр.

Тарихи кездесуге дайындық қызу жүріп жатыр. Осы аптада ЦРУ директоры Майк Пампео Пхеньянға сапар шегіп, Трамп-Ким кездесуінің алдында құпия келісімдерге қол жеткізіп келді. Трамп-Ким кездесуі мамыр айының соңы немесе маусымның басында өткізіледі.

Дереккөз: Baq.kz

20 сәуір 2018, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.