Атырау, 29 наурыз 20:33
 ашықВ Атырау +1
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​​Кубаның жаңа басшысы Мигель Диас-Канель болды

1 488 просмотра


Куба мемлекеттік кеңесінің төрағасы болып Мигель Диас-Канель сайланды, деп хабарлайды ТАСС. 

Диас-Канельдің кандидатурасына 604 депутаттың 603-і дауыс берген. Куба конституциясына сәйкес, Мемлекеттік кеңестің төрағасы мемлекет және үкімет басшысы болып саналады және бес жылдық мерзімге сайланады. 

Жоғарғы мемлекеттік лауазымға жайғасқан 57 жастағы Диас-Канель, 2008 жылдан бері осы лауазымда отырған 86 жастағы Рауль Кастроның орнын басты. Бұл қызметке басқа кандидаттар қаралмады. 

2013 жылдан бастап Диас-Канель Мемлекеттік кеңес төрағасының бірінші орынбасары және Куба министрлер кеңесінің төрағасы, яғни Кубаның билік иерархиясындағы екінші адам болды. 

Сонымен қатар, Рауль Кастро, кем дегенде 2021 жылға дейін елдегі жалғыз ресми саяси ұйым - Куба Коммунистік партиясы басшылығында қала береді және сол арқылы шешім қабылдау істеріне ықпалын жүргізе алады. 

Мемлекет басшысының қызметінен кеткен Рауль Кастро Гаванадан 1000 шақырым қашықтықтағы аралдың шығысында орналасқан елдегі екінші қала Сантьяго-де-Кубада тұратын болады деген пікірлер бар.

Дереккөз: inform.kz

20 сәуір 2018, 10:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.