Атырау, 19 сәуір 13:24
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алма ТВ-ның ақшасы мен мүлкіне бұғау салынды

2 283 просмотра


Қазақстан қор биржасы "АлмаТел Қазақстанның" 2,18 миллиард теңге көлеміндегі мүлкіне бұғау салынғанын хабарлады. 

"АлмаТел Қазақстан" (Алма ТВ) компаниясының 2,18 миллиард теңге көлеміндегі ақшасы мен мүлкіне бұғау (арест) салынды, деп хабарлады Қазақстан қор биржасының сайты.

 KASE сайтындағы ақпаратқа сәйкес бұғау салынған мүліктің атауы: "АлмаТел Қазақстан" АҚ кассасында жатқан және түсетін ақша қаражаты, "АлмаТел Қазақстан" АҚ-ға тиесілі жылжитын және жылжымайтын мүлік, екінші деңгейлі банктердегі ақша қаражаты мен өзге де мүліктер. Бұғау салынған мүліктің сомасы: 2 180 388 000 теңге. 

Бұғау салу шешімінің датасы – 2018 жылдың 12 сәуірі. 

Дереккөз: sputniknews.kz

20 сәуір 2018, 10:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.