Атырау, 18 сәуір 17:37
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Исландияда түрмеден қашқан тұтқын елдің премьерімен бірге ұшып кеткен

1 821 просмотра


Исландияда аса ірі тонауды ұйымдастырушы Синдри Тор Стеффансон 17 сәуірде елдің оңтүстігіндегі түрмеден қашып кеткен, деп хабарлайды euronews

Ол  криптовалюта майнингіне арналған 600-ге жуық компьюттерді ұрлауға күдікті деп танылып қамауға алынған болатын. Ұрланған құрылғы құны 20 млн долларды құраған. Стеффансон алдымен түрмеден небәрі 100 шақырым жердегі  Кеблавик  халықаралық әуежайына жеткен. 

Артынша Icelandair әуе компаниясының рейсімен Стокгольмге тартып отырған. Артынан белгілі болғандай, сол рейсте  швед астанасына сапармен бара жатқан Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир де болған. Екі елдің полицейлері қашқынның қолға түсеріне сенімді. 

Бірақ оны іздеу мүмкін аптаға, айларға, тіпті жылдарға да созылуы ғажап емес. Әзірге Стеффансонның ұшақ бортына қалайша тап болғаны түсініксіз. Тергеушілер билет жалған құжат арқылы сатып алған деген болжам жасап отыр. 

Дереккөз: inform.kz

20 сәуір 2018, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.