Атырау, 19 наурыз 16:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.30
€ 489.69
₽ 4.89

Бас прокуратура: Жәкішевті екі аптада бір дәрігер тексеріп тұрады

1 917 просмотра


Осыдан сегіз жыл бұрын сотталған Мұхтар Жәкішев туысқандарымен тұрақты түрде кездесіп тұрады. Бұл туралы бүгін Бас прокуратурада өткен баспасөз мәслихатында заңдық күшіне енген үкімдердің заңдылығын және олардың орындалуын қадағалау қызметінің бастығы Қайрат Жақыпбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Журналистер Қарағанды облысының Долинка кентінде жазасын өтеп жатқан Мұхтар Жәкішевпен туыстары кездесе алмай жүргенін айтты. Тіпті Еуропадан келген делегаттар да сотталушыны көре алмаған. 

"Жәкішевпен туысқандары үнемі кездесіп тұрады. Оған қатысты ешқандай проблема жоқ. Ол созылмалы аурумен ауырады, сондықтан ағайындары оны қарататын жеке клиникалар іздестіріп жатыр. Екі аптада бір рет дәрігер денсаулығын тексереді. Туысқандары тапқан клиниканың дәрігер жазып берген дәрі-дәрмек тізімі бар. Қазір оны ауруханаға жатқызуға еш себеп жоқ", — деді Жақыпбаев. 

Ол сотталушыға шетел азаматтарымен кездесуге рұқсат беру-бермеу мәселесін ҚАЖ комитеті анықтайтынын атап өтті. 

"Сотталушымен кездесе алатын аламдардың тізімі жасалады. Басымдық, ең алдымен, оның туысқандарына беріледі. Сотталушының өзін-өзі ұстауы, өтеп жатқан жазасына қарай ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кездесу түрлері бар. Басқа тұлғалармен кездесу, егер бұл қажет болса, ҚАЖК өзі анықтайды", — деді ол. 

Еске салып өтсек, Мұхтар Жәкішев 2009 жылы ірі уран кен орындарындағы мемлекеттік үлесті сатқаны үшін ұсталған болатын. 2010 жылдың наурызында "ҚазАтомПром" АҚ экс-басшысы айыпты деп танылып, 14 жылға сотталды. Қазір ол Қарағанды облысындағы Долинка ауылында жазасын өтеп жатыр. 2017 жылдың қарашасында Жәкішевтің анасы ұлының денсаулығына байланысты президентке қолдаухат жазып, рақымшылық жасауды сұраған.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 сәуір 2018, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.