Атырау, 24 сәуір 03:52
 ашықВ Атырау +22
$ 444.32
€ 473.33
₽ 4.76

Қазақстан Тәжікстанға жылына 1 теңгеге жалға жер береді

2 067 просмотра


Тәжікстан Астанада осы жерге дипломатиялық өкілдігінің ғимаратын салады. Бүгін сенат депутаттары Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарын салу үшін жер учаскелерін өзара беру туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды  Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Келісімге 2010 жылдың тамызында Астана қаласында қол қойылған. 

"Келісімге сәйкес тәжік тарапы қазақстандық тарапқа ҚР елшілігінің ғимаратын салу үшін Душанбе қаласындағы Сомони даңғылы бірінші дипломатиялық қалашықтағы жалпы алаңы бір гектар жер учаскесін беретін болады. Жалға беру мерзімі 49 жылды құрайды және жылына бір сомони мөлшерінде жалдау ақысы төленеді", — деді сенат отырысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев.  

Өз кезегінде қазақстандық тарап та Тәжікстанға Астанада дипломатиялық өкілдігінің ғимаратын салу үшін жер береді. 

"Астанада Шәмші Қалдаяқов көшесінің оңтүстігінде орналасқан жалпы алаңы бір гектер жер учаскесін бөлетін болады. Жалға беру мерзімі — 49 жыл, ақысы жылына бір теңге", — деді вице-министр.  

Оның айтуынша, Қазақстанның жер кодексіне сәйкес, басқа мемлекеттердің біздің елімізде жер пайдалану құқығы ҚР бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 сәуір 2018, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.