Атырау, 19 сәуір 05:48
 ашықВ Атырау +25
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесу қыркүйек айында өтеді

1 942 просмотра


Мексикалық бокшы допингке байланысты тамызға дейін шеттетілді.

Орта салмақта WBC, WBA (Super), IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) промоутері Том Леффлер допинг қолданғаны үшін жарты жылға бокстан шеттетілген мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен 49-1-2, 34 КО) екінші кездесудің қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды Los Angeles Times басылымы. 

Промоутердің айтуынша, екінші жекпе-жек мексикалықтың жаза мерзімі аяқталған соң ұйымдастырылады екен. 

"Алдымен біз Головкиннің 5 мамырдағы кездесуін өткізіп алайық. Содан соң Golden Boy Promotions компаниясымен келіссөз бастап, жекпе-жекті қыркүйек айына ұйымдастырамыз. Бұл кездесуді әлі де жанкүйерлер асыға күтіп отыр", - деді Леффлер. 

Еске салайық, әу баста Головкин мен "Канело" арасындағы кездесу 5 мамыр күні өтуі керек еді. Бірақ оның қанынан допинг табылып, тамыз айына дейін шеттетілді. Енді "Канелоның" орнына отандасымыздың қарсыласы америкалық Ванес Мартиросян болады. Жекпе-жек Лос-Анджелес қаласының маңындағы Карсон қаласындағы StubHub Center спорт кешенінде өтеді. Бұл кездесуді отандасымыз WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерін қорғайды. Ал IBF белбеуі ұйымның келісімшарты бойынша бұл жекпе-жекте сарапқа салынбайды. 

Дереккөз: vesti.kz

19 сәуір 2018, 09:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.