Атырау, 29 наурыз 01:46
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Қапыда қаза таппаса... Ұлылардың жұмбақ өлімі», «Еркін Тәтішев бауырының қазасы жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді», «Telegram бұғатынан басқа сайттар да зардап шегіп жатыр».

1 947 просмотра

AZATTYQ.ORG. «Telegram бұғатынан басқа сайттар да зардап шегіп жатыр» - Ресей Telegram-ды бұғаттаған соң елдегі Amazon мен Google-ге тиесілі миллиондаған IP-мекенжайдың жұмысы нашарлаған. Кей ресейліктер өздері ұнататын сайттарын аша алмай әлек.

QAMSHY.KZ. «Қапыда қаза таппаса... Ұлылардың жұмбақ өлімі» - Бергенінен берері көп адамдар еді. Қапыда қаза таппаса, қазақтың қамы үшін көбірек жұмыс тындырар ма еді?! Алаш жұртының маңдайына біткен кейбір ұлылардың өлімі әлі күнге дейін жұмбақ. 

QAZAQUNI.KZ. «Еркін Тәтішев бауырының қазасы жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді» - «Esquire» журналына сұхбат берген Еркін Тәтішев ағасының қазасы жайлы, әділдік пен шындық іздеген 14 жыл жайлы айтып беріпті. Тіпті, «Тәтішевтерге жоғарғы жақ нұсқау беріп отыр» деген алып-қашпа әңгімеге де жауап берген екен.

«Храпуновтың Қазақстаннан ұрлаған ақшасын заңдастыруға Дональд Трамптың серіктесі көмектескен» - Виктор Храпуновтың отбасы Қазақстаннан жымқырған 120 миллион долларын Кипрдегі Танзания банкінің бөлімшесінде сақтағаны белгілі болды. АҚШ-тың құзырлы органдары Храпунов  БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовпен бірігіп мемлекеттен жымқырған миллиондаған долларды осы күдікті қаржы ұйымы арқылы заңдастырғанын  растайтын құжаттарды тапқан.

TURKYSTAN.KZ. «Қазақстанның  “киберқалқаны” қандай?» - Технология қарыштап дамыған бүгінгі күні киберқауіпсіздік бүкіл әлем үшін басты мәселе болып отыр. Өйткені хакерлер жеке адамдардың деректерін қойып, ірі компаниялар мен ресми органдардың сайттарына шабуыл жасауға көшті. Соңғы жылдары мемлекеттік органдар кибершабуылдардың кесірінен айтарлықтай шығынға батып отырғаны да жасырын емес. Соған қарамастан, ресми органдарда киберқауіпсіздікті қамтамасыз ететін мамандар жоқтың қасы.

AIKYN.KZ. «Қара базардың қасіреті» - «Қара базар» десең, қақпайтын қазаққа «барахолка» десең, елең ете қалады. Сол базарыңыз нарық басталған жылдары сауданы қыздырды және сол қызу әлі басылған жоқ. Жайма базарды әр ауладан табатынсың. Онда не жоқ дейсіз, бәрі бар. Жаңа да, киілген де, ұрланған да, тауып алған да киімдеріңіз бен әртүрлі заттар қолдан қолға өтіп жатты. Осы үрдіс біртіндеп басылып, жұрт өркениетке көше бастады. 


19 сәуір 2018, 09:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.