Атырау, 29 наурыз 04:30
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

​Ердоған Түркияда кезектен тыс сайлау өтетінін мәлімдеді

1 351 просмотра


Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған елде кезектен тыс сайлау өтетінін мәлім етті. Бұл туралы ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау 24 маусымға жоспарланып отыр. 

«2018 жылдың 24 маусымында Түркияда кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлаулар өтеді. Түркияның Ұлттық қозғалысы партиясының басшысы Девлет Бахчелимен болған келіссөздер барысында кезектен тыс президенттік және парламенттік сайлаулар өткізу мәселесін талқыладық»,-деді Түркия басшысы. 

Оның сөзінше, бүнгіннен бастап, Түркияда сайлауға заңдық тұрғыда дайындық процесі басталады. 

«Түркияның Жоғары сайлау комиссиясы шұғыл түрде дайындық жұмыстарына кіріседі»,-деді Ердоған.

Дереккөз: inform.kz

19 сәуір 2018, 09:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.