Атырау, 25 сәуір 11:42
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Астана банкі Назарбаевтың сынын теріске шығарды

1 540 просмотра


Астана банкі мемлекеттен қаржылай көмек сұрамағанын атап өтіп, клиенттеріне жағдай тұрақты екенін хабарлады. 

"Астана банкі" АҚ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сынына байланысты шұғыл хабарлама таратты. Президент Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңесте бұл қаржы ұйымын көрсеткіштері өте нашар банктердің қатарына қосқан болған.  

"Астана банкі" АҚ қазіргі таңда ҚР Ұлттық банкінің барлық пруденциялық нормативін орындап жатыр. Банк құрылғалы бері бірде-бір рет өз міндеттемелері бойынша дефолтқа жол бермеген", — деп жазылған банктің мәлімдемесінде.

Кеше Ақордада Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізіп, банктерді сауықтыру бағдарламасы тоқтатылатынын мәлімдеген болатын. Президенттің айтуынша, өте нашар банктерді сақтап қалу үшін акционерлер өздерінің жеке қаражатын құйып, кезінде олардан шығарып алған қаржыны қайтаруы тиіс. 

"Қазір Эксим банк, Астана банкі, Qazaq Banki сияқты банктердің көрсеткіштері өте нашар, акционерлері басқара алмай отыр, қарызға батқан, өз салымшыларының қаржысын қайта алмай отыр, олар қалай жұмыс істемек? Мұның бәрін мемлекетке аудара салмақшы!", — деді Назарбаев.

Астана банкі мемлекеттік қолдау бағдарламаларына арқа сүйеп отырмағанын алға тартты.  

"S&P халықаралық агенттігі банктің рейтингін "B-/B" және "kzB+" деңгейінде растады. Банк алдағы уақытта да өз клиенттері алдындағы барлық міндеттемені толық орындауға ниетті", — деп аталып өткен хабарламада.

Дереккөз: sputniknews.kz

19 сәуір 2018, 09:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.