Атырау, 25 сәуір 22:41
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Вице-министр санкцияларға қатысты пікір білдірді

1 866 просмотра


Санкциялар әзірше белгілі бір компанияларға ғана қатысты болып отыр. Сол себепті, бұл мәселеде қазақстандық компаниялардың қатысуларын қысқартуға себеп көріп тұрған жоқпын. Бұл жөнінде Астанада өтіп жатқан ІХ Орталық Азия тау-кен өнеркәсібі форумында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Әрине, санкциялар – бұл форс-мажорлық жағдай. Алайда, біз барлығымыз көрші мемлекеттермен бір экономикалық кеңістікте өмір сүреміз, біз осыны есепке алу керекпіз, түсіну керекпіз. Санкциялар экономикаға кері әсерін тигізбеуін қалаймыз. Ол үшін үкімет сәйкес шаралар қабылдап жатыр. Қазір оқиға қалай өрбитінін күту керек және содан кейін ғана бір қорытынды жасау керек. Себебі, тау-кен-металлургия саласына қатыстының барлығы, мейлі ол шикізатпен жабдықтау, кендерді жеткізу болсын, мұның барлығы үлкен капиталды қажет ететін процесс. Бір күнде барлығын тоқтата салу мүмкін емес. Сол себепті, жағдайға қарай көреміз», - деді вице-министр.

Тоқтабаев бүгінде қара тізімге ілінген ресейлік компаниялармен қарым-қатынаста қазақстандық компаниялар өз қатысуларын қысқарту қажеттілігі жөнінде де пікір білдірді.

«Экономикалық соғысқа, санкцияларға, саясатқа байланыстының барлығын болжап білу қиын. Сондықтан, біз қалай болғанда да экономикаға қарайлау керекпіз. Біздің Ресеймен тауар айналымымыз өте жоғары. Бірыңғай экономикалық кеңістік аясында бұл қуаттылықты арттыру әлеуеті де үлкен. Санкциялар әзірше белгілі бір компанияларға ғана қатысты болып отыр. Жалпы, ресейлік компаниялар сәтті жұмыс жасап келеді. Сол себепті, бұл мәселеде қазақстандық компаниялардың қатысуларын қысқартуға себеп көріп тұрған жоқпын. Әрине, тәуелсіз мемлекет ретінде мұндағы тәуекелдерді де есепке алуымыз керек, өз қорғанышымызды да қарастыру керекпіз. Санкциялар қалай болғанда да әсерін тигізеді. Мәселе сол әсердің қаншалықты үлкен болуында. Қазір барлығы шекті шамада болып отыр. Тағы бір-екі ай өтсін. Сол кезде барлығы түсінікті болады», - деді ол.

Дереккөз: Baq.kz

18 сәуір 2018, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.