Атырау, 20 сәуір 04:37
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Сағадиев: мұғалімдерге үстемақыны әкімдіктер төлейді

1 508 просмотра


Ұстаздарға төленетін үстемақы қаржысы республикалық бюджетте қарастырылған, бірақ заң күшіне енгенге дейін, ақша жергілікті бюджеттен алынады. Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылдың 1 қаңтарынан үстемақы алуы тиіс ұстаздарға ақша қалай төленіп жатқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мына жәйтті түсіндіргім келеді. Мұғалімдер жалақысын толық алуы үшін біз бүгін мәжілісте талқылап, мақұлдаған заңды (2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер – автор ескертп.) қабылдауымыз керек. Енді ол сенатқа жолданады. Заң күшіне енгеннен кейін, бізде бюджеттік өзгерістер болады. Республикалық бюджет мұғалімдердің жалақысына қарастырылған қаржыны жергілікті бюджеттерге аудара алмайды. Қазір бізде қаржыны республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке аударуға негіз жоқ. Дегенмен біз президенттің тапсырмасын орындай отырып, жергілікті атқарушы органдардан, яғни әкімдіктерден ақшаны өз резервінен төлей тұруды өтіндік", — деді министр.

Сағадиев ол қаражат кейін әкімдіктерге қайтарылатынын атап өтті. 

"Әкімдіктердің көбісінде қаражат бар және олар қаңтардан бастап міндеттемелерді орындауға кірісті. Себебі олар республикалық бюджет кейін жұмсалған қаражатты өтейтінін түсініп отыр. Бірақ бірнеше әкімдікте қиындықтар туындады. 1 қаңтардан бастап үстемақы алуы тиіс барлық мұғалімге ақша төленеді", — деп сендірді Е.Сағадиев.

Дереккөз: sputniknews.kz

18 сәуір 2018, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.