Атырау, 25 сәуір 11:13
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Рубльдің әлсіреуіне ҚР Ұлттық банктің реакциясы бейтарап болды

1 504 просмотра


Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев Ресейде қор нарығының құлдырауына ҚР ҰБ ешқандай әрекет етпегенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Осы жыл басынан валюта нарығындағы ахуал тұрақты. Бірінші тоқсанда теңге бір доллар үшін 318 теңге 31 тиынға дейін 4,2 пайызға нығайды. Өткен аптада Ресейдің қор нарығының құлдырауы және рубльдің әлсіреуі себебінен теңге бағамы құбылды. 9-11 сәуір аралығында теңге 3,5 пайызға әлсіреп, 1 АҚШ доллары үшін 330 теңге 88 тиын болды. Бұл жағдайда Ұлттық банктің реакциясы бейтарап болды», - деді Данияр Ақышев. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ҚР Ұлттық банкінің төрағасы долларға шаққанда теңге бағамының өзгеруіне қатысты түсінік берген болатын.  

«Еркін айырбас бағамы жағдайында шетелдік валюталарға шаққанда біздің теңгенің бағамы ішкі және сыртқы факторларға байланысты екені белгілі. Шын мәнінде, соңғы бірнеше күн бұрын орын алған оқиғаларға дейін барлық макроэкономикалық параметрлер тұрақты болды. Бірінші кезекте мұнайға қатысты жоғары баға мен саудадағы серіктес елдердегі тұрақтылықты байқадық. Өкінішке қарай, АҚШ-тың Ресейге қатысты қосымша жаңа санкцияларын енгізуге қатысты оқиға РФ қор нарығында құбылмалыққа алып келді. Кейіннен бұның салдары валюта нарығына ықпал етті. Ресей біздің сауда серіктесіміз. Біз ЕАЭО-ға қатысушы елдер болып саналамыз. Әрине, бұл бағыттағы үрдістер әсер етпей қоймайды», - деді Ақышев.

Дереккөз: inform.kz

18 сәуір 2018, 10:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.