Атырау, 20 сәуір 18:34
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Тұтқынға алынған қырғыз кәсіпкері босатылды - ҚР ІІМ

2 010 просмотра


Жамбылдық полицейлер тұтқынға түскен Қырғыз азаматын босатып алды. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Арнайы операция барысында Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері ұрланған Қырғыз Республикасының жеке кәсіпкерін босатып алды. Алматы қаласының үш тұрғыны қылмыс жасады деген күдікке ілігіп отыр», - деді ол. 

Оның айтуынша, 17 сәуір күні «Алматы-Тараз» тас жолында жеке көлікке мінген күдіктілер қырғызстандық мінген автомобильды мәжбүрлеп тоқтатқан. Осыдан кейін өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырып, оны ұрлап кеткен. 

«Операция барысында көрші елдің ұрланған азаматы зардап шеккен жоқ. Ұсталғандар уақытша оқшаулағышқа қамалды», - деді Алмас Садубаев.

Дереккөз: inform.kz

18 сәуір 2018, 10:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.