Атырау, 19 сәуір 14:15
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Періштелер вокзалы ма?

Сурет Бейнежазба
9 678 просмотра

Света ҚАЛАМҒАЛИЕВАБазарбай ҚАУЫСБАЕВ

Қандағаш – Мақат магистралдық темір жол желісінде орналасқан Сағыз станциясының вокзалында билет кассасынан басқа еш инфрақұрылым жоқ.  Ал бұл жерден «Атырау-Алматы», «Атырау-Ақтау», «Маңғышлақ-Ақтөбе», «Маңғышлақ-Астана» жолаушылар және түрлі жүк поездары өтеді.

Теміржол жергілікті тұрғындар үшін де қолайлы. Өйткені облыс орталығымен байланыстырып тұратын автокөлік жолы жүруге жарамсыз. Мұнда 7 мыңға жуық адам тұрады.

- Мен Атыраудың тұрғынымын. Туып-өскен жерім осы Сағыз ауылы. Мен бұдан 40 жыл бұрын осы жерден кеткенімде вокзал осы күйінде болатын. Содан бері еш өзгермеген екен. Мұнда күтушілерге еш жағдай жасалмаған. Вокзалды бір өзгертетін уақыт болды ғой,-дейді Света ҚАЛАМҒАЛИЕВА (суретте).

- Мен жиі жүремін. Егер осы вокзалда жүк сақтайтын орын болса, мен жүгімді тапсырып, достарыма барып келер едім. Қолыңдағы жүкпен түн ішінде ары-бері жүруге қиынсынып, амалсыз осы жерде тапжылмай отырғаның. Вокзалда не асхана жоқ, не дәретхана жоқ, қысылсаң, қайда барасың?- дейді Базарбай ҚАУЫСБАЕВ (суретте).

Біз барғанда вокзал еденін сырлап қойыпты. Касса ғана жұмыс жасап тұр. Кіре берісте санаулы ғана отырғыштар тұрды.  

- Біз көктемге даярлықты бастап кеттік, әктеп сырлауды қолға алдық. Бұл елу орындық вокзал «ҚазақстанТемірЖолына» қарайды. Негізі вокзал салынады дегенді естігенбіз,-дейді аға кезекші Элмира ҚАЙДАБАЕВА (суретте).

Ал Сағыз округінің әкімінің міндетін атқарушы Қуанай ІЗМАҒАНБЕТОВ жаңа вокзал салу жөнінде жоғары органдарға ұсыныстар берілгенін, соған орай жұмыстар жүріп жатқанын айтты. Ал әзірге жолаушыларға асхана, дәретхана және жүк сақтау орындарының жоқтығына шыдап бағуға тура келеді.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 сәуір 2018, 09:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.