Атырау, 25 сәуір 22:30
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Екі күн ішінде үш өрт болып, сәби қаза болды

Сурет
4 443 просмотра

Сәуірдің екі күні өртке қарсы қызмет үшін қауырт болды. Адам шығыны бар.

Сенбіден жексенбіге, 15 сәуірге қараған түні Сәтпаев даңғылы бойындағы 48 «а» үйдің цокольді қабатында «Порт Гурьев» кафесінде өрт шығып, 230 шаршы метрдің 150 шаршы метрі  өртеніп кетті. Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне дабыл сағат 3.55-те түсіп, жарты сағаттан кейін өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.

Сол күні кешке Гайдар көшесінің бойындағы №25 үйдің арт жағындағы қамыс қопасы өртенді. Өрт алаңы 4000 шаршы метрді құрады. Өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтердің балконына және тағы бір пәтердің сплит-жүйесінің сыртқы блогына өршіген. Бағына қарай, жалын ішке таралмады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

16 сәуірде сағат 9.30-да Махамбет көшесіндегі жеке үйде өрт болды. Өрт сөндірушілер өртті тез сөндірді, бірақ түтінге тұншыққан 2015 жылы туылған сәби облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Кейінірек сәби қайтыс болды. Өрттің алдын-ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. 

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

17 сәуір 2018, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.