Атырау, 19 сәуір 10:58
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Жер қойнауын пайдалану комитеті экс-басшысының соты басталды

2 322 просмотра


Астанада инвестиция және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің бұрынғы төрағасы Базарбай Нұрабаевтың ісі бойынша сот басталды. Tengrinews.kz сайтының хабарлауынша, Астананың істі қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Асхат Әшірбеков қарап жатыр.

Бұл іс бойынша 12 адам сотқа тартылған. Базарбай Нұрабаевқа 2016 жылдың сәуірінен 2017 жылдың наурызына дейін "мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүддесіне қарсы бірнеше рет ауыр және аса ауыр қылмыс жасаған" дкеген айып тағылып отыр. Іс материалдары бойынша, ол "комитет тұрғындар мен қоршаған орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ақтөбе облысындағы 22 мұнай скважинасын жоюға өткізген тендерге қатысушы компанияның мүддесін қорғаштаған".

Базарбай Нұрабаев 2017 жылдың наурызында ұсталған. Оған Қылмыстық кодекстің 366-бабының 4-бөлімі ("Бірнеше рет пара алу"), 361-бабының 3-бөлімі ("Лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану") бойынша айып тағылған.

Дереккөз: azattyq.org

16 сәуір 2018, 16:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.