Атырау, 19 шілде 16:21
Кешке ашық+32, түнде +28
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 344.58  € 400.51  P 5.47

​Черногориядағы президенттік сайлауда Мило Джуканович жеңіске жетті

16 сәуір 15:03


Черногориядағы президент сайлауында елдегі ең беделді саясаткер Мило Джуканович жеңіске жетті. Алдын ала ресми мәліметтерге қарағанда Мило Джукановичке сайлаушылардың 56 пайызы дауыс берді.

Осылайша ол саяси науқанның алғашқы кезеңінде бірден топ жарды. Ал оның басты қарсыласы Младен Бояничті халықтың 32 пайызы жақтаған. Жаңадан сайланған президент мемлекетті Еуропалық Одаққа кіргізуге уәде берді. Ал оппозиция Джукановичті жемкорлыққа қатысы бар әрі ұйымдасқан қылмыстық топтармен байланыста деп айыптайды. 

Айта кетейік, осы уақытқа дейін Мило Джуканович министрлер кабинетін 5 рет басқарды. 1998-2002 жылдар аралығында президент қызметін атқарды. Ол басшылықта болған тұста Черногория НАТО-ның құрамына кірді. Черногория президенті 5 жылға сайланады. 

Биылғы президент сайлауында 7 үміткер бақ сынады. Жалпы саяси науқанға халықтың 64 пайызы қатысып, өз таңдауын жасады. 

Мило Джуканович, Черногорияның жаңадан сайланған президенті: 

- Берген уәдемізде тұрып, еуропалық Черногрия үшін жеңіске жеттік. Бұл халқымыздың Еуропалық Одаққа қосылуын қалайтынын тағы бір дәлелдеп берді.

Дереккөз: 24.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

189 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Армениядағы президент сайлауында Серж Саргсян жеңіске жетті  948 рет қаралды

​Колумбиядағы президенттік сайлауда Иван Дуке жеңіске жетті   172 рет қаралды

Финляндия президенті сайлауында Саули Ниинистё жеңіске жетті  286 рет қаралды

Қырғызстанда президент сайлауына түсуге 59 адам өтініш берді  564 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6