Атырау, 19 сәуір 13:06
 ашықВ Атырау +23
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

​Қазақстанда биыл электрондық визаны рәсімдеу шаралары басталады

2 058 просмотра


Қазақстанда электрондық визаны рәсімдеу биылдан бастап енгізіледі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте көші-қон бақылауы тықырыбына арналған Үкімет отырысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Биыл бірқатар елдер үшін электрондық визалардың қанатқақты жобаларын енгізуді жоспарлап отырмыз және осы мемлекеттердің тізімі айқындалды. Осы орайда «Бүркіт» жүйесін жетілдіру қажет болады (жүйенің әкімшісі ҚР ҰҚК). Атап айтқанда, ҰҚК өзінің жүйесін жетілдіруі үшін тиісті қаржы көлемі белгіленіп, республикалық бюджеттік комиссия оны бекітті. Сондықтан да биылдан электрондық визаларды рәсімдеуді бастаймыз», - деді ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Мұхтар Тілеуберді.

Бұл ретте ол электрондық визаларды енгізу «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылып жатқанын атап өтті. Осы бағытта БАӘ мен Эстония тәжірибесі ескерілген. Бұдан бұрын, ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов шетелдіктердің Қазақстанға сапарлау тәртібін түсіндірген болатын. 

«Қазір елімізде депутаттық корпустың белсенді қатысуы және қолдауы арқасында жаңа миграциялық саясат қалыптасты, бұл халықаралық стандарттарға сай келеді. Шетелдік жұмыс күшін тарту квота беру тетігі арқылы жүзеге асады. Бұл мамандар құрылыс саласында, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және басқа да салаларда жұмыс істейді. Сонымен қатар заң бойынша нақты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін шетелдік кәсіби жұмысшыларды квотасыз әрі рұқсатсыз тартуға мүмкіндік бар. Әр мемлекет азаматтарының елімізге келу мен тіркелу рәсімі әртүрлі. Қазақстанға кіру үшін олардың деніне виза керек. 19 елмен жалпыазаматтық паспорттар бойынша келудің визасыз тәртібі туралы келісім жасалды. Олардың қатарында Еуразиялық экономикалық одақ елдері де бар. 45 елдің азаматтары 30 күнге дейін виза рәсімінен және тіркелуден босатылған», - деп нақтылады министр.

Дереккөз: inform.kz

16 сәуір 2018, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.