Атырау, 20 сәуір 05:57
Таңертең бұлтты+13, күндіз +14
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 325.79  € 402.94  P 5.33

Оңтүстік және Солтүстік Корея тарихи саммитке дайындалып жатыр

16 сәуір 12:25

Оңтүстік және Солтүстік Кореяның ресми өкілдері осы айдың соңында өтетін тарихи саммит қарсаңында екі мемлекет басшыларының телефон байланысын орнату мәселесін талқылады, деп хабарлайды Ренхап агенттігі. 

Келіссөздер Солтүстік Корея аумағында өтті. «Шұғыл желі» ашылған соң, Оңтүстік Корея президенті Мун Чже Ин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын тікелей 27 сәуірде өтетін саммит қарсаңында телефон арқылы сұхбаттасады. 

Ол Оңтүстік және Солтүстік Корея арасындағы үшінші саммит болады. Тараптар қауіпсіздік және БАҚ мәселелерін, сондай-ақ 18 сәуірдегі жеке кездесу аясындағы хаттаманы талқыламақ. 

Келесі аптада өтетін жоғары деңгейлі отырыста алдағы саммиттің күн тәртібі белгіленеді. 

Еске сала кетейік, Қазақстандағы Корея Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик осы саммитке байланысты Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің Орталық Азияға, соның ішінде Қазақстанға сапары кейінге қалдырылғанын жеткізген болатын.

Дереккөз: inform.kz

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

117 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бірлескен саммитке дайындалып жатыр  207 рет қаралды

​Қос Корея арасындағы келіссөздер нәтижелі аяқталды  574 рет қаралды

​Пхеньянға салынған санкциялар жеңілдетілуі мүмкін   339 рет қаралды

Солтүстік Корея баллистикалық зымыраны Жапон теңізіне құлады  769 рет қаралды

Басты бет

1 2 3